Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.34
EUR | KZT 428.44
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
13 °C
2019 ж. қыркүйектiң 19
Еңбек адамының мүддесі қорғалады

Әрбiр 7-шi жұмыс орны адам денсаулығына зиян келтiредi. Бiр жылда 200-ге тарта азамат жұмыс орнында көз жұмады. Оның 70 пайызы өндiрiстiк талаптардың сақталмауы салдарынан. Осындай деректердi алға тартқан кәсiподақ ұйымдары еңбек қауiпсiздiгiне бас-ты назар аудартуды көздейдi. Республикалық кәсiподақтар федерациясынан ұсынылған ел президенттiгiне кандидат Амангелдi Таспиховтың өңiрлiк сайлауалды штабында осы және өзге де мәселелер бойынша өңiр тұрғындарын қабылдау жүргiзiледi. «Мұнда кес-теге сай кезекшiлер тұрғындармен кездеседi. Бұдан бөлек барлық салалық кәсiподақтарда, сондай-ақ, iрi мекемелерде бiздiң өз өкiлдерiмiз үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзетiн болады. Олардың барлығында өз сайлауалды штабтары қызмет атқарады. Олар азаматтардың еңбек шарттарына байланысты мәселелердi қарастырып, кәсiби көмек көрсетедi»,– дейдi облыстық кәсiподақтар бiрлестiгiнiң төрағасы Қали Рахметов. Адал еңбектiң тиiстi ақысын алу — кәсiподақтар ұйымының басты талаптарының бiрi. Ел аумағында жұмыс берушiлердiң жалақы қарызы 2 млрд теңгеге жеткен. Орташа жалақы 176 мың теңгенi құраса, iс жүзiнде бұл көрсеткiштер тау-кен, металлургия, мұнай өндiрiсi салаларының үлес салмағы негiзiнде есептелiп отыр. Ал,

мұндай жалақысы жоғары салаларда елдегi еңбек адамдарының тек 8 па-йызы қызмет атқарады, — дейдi сала мамандары. Ақмола облысында 10 салалық кәсiподақ қызмет атқарады. Сонымен қатар, iрi өндiрiс ошақтарының өз кәсiподақтары да бар. Сайлау науқанында олар еңбек адамының мүддесiн қорғау мақсатында өз кандидаттарына дауыс беруге үгiттейдi.

Мақаланың шыққан күні: 17.05.2019
Қаралым саны: 164

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?