Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 371.31
EUR | KZT 419.32
RUB | KZT 5.59
Көкшетау қ.
-15 °C
2018 ж. желтоқсанның 15
Еңбегіне қарай ақы алмақ

Көкшетауға жұмыс сапарымен келген Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлердiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғау бойынша жұртшылықпен байланыс департаментiнiң директоры Арман Бердалин биылдан бастап қолға алынған пилоттық жоба бойынша әр мемлекеттiк қызметшiге жаңа талаптар қойылады дедi. Яғни, жүктемесi түрлi бола тұра, жалақыны бiрдей алатындар бұдан былай еңбегiне қарай ақы алмақ. Сапар барысында Агенттiк өкiлi Сандықтау, Зерендi аудандарында болып, Көкшетаудағы медиа орталығында, қалалық әкiмшiлiкте, оқу орындарында кездесу өткiздi.

Оған қатысқан мемлекеттiк қызметшiлер, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкiлдерi мен студенттер өздерiн қызықтыратын сауалдарын жолдады. Арман Бердалин мемлекеттiк қызметшiлер үшiн сынамалы тәртiппен еңбекақы төлеудiң жаңа жүйесiн енгiзу, мемлекеттiк қызметтердi электронды үлгiге ауыстыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп қағидаларын сақтау туралы айтты.

Агенттiктiң басты ұстанымы — мемлекеттiк қызметшiнiң жаңа моделiн қалыптастыру. Оның халық алдындағы беделiн көтеру, тiптi қорғау. Биыл «Б» корпусының 67 мың мемлекеттiк қызметшiсi аттестациядан өтiп, 4851 адамның лауазымы жоғарылаған. Оның 80-ге жуығы ақмолалықтар. Биылдан бастап еңбекақы төлеудiң жаңа жүйесiне көшу қолға алынды. Бұрын орталық мемлекеттiк аппарат мамандарының жергiлiктi әкiмшiлiк қызметшiлерiнен жалақысы жоғары болатын. Ендi жаңа жүйе бойынша құзiрет деңгейiне, атқарып отырған жұмыс ауқымына, күрделiлiгiне қарай төлене бастайды. Яғни, «тиiмдi қызметшiлер» ерекше бағаланбақ. Оларға, тiптi 4 лауазымды еңбекақыға дейiн төленетiн болады. Егер пилоттық жоба сынамадан өтсе, қабылданады. Биыл мемлекеттiк қызметшiлердi конкурс-тан тыс тағайындаулар 18 есеге азайған. Агенттiк басқару жүйесiн дамыту үшiн «Үздiк мемлекеттiк қызметшi» байқауын жариялады. Оған қатысып, өзiн жақсы көрсете алғандар Елбасының қабылдауында болып, лайықты марапатталмақ. Сондықтан мүмкiндiктi қолдан жiбермеу керек.

2017 жылдан бастап сандық технологияға көшу жұмыстарына Агенттiк те үн қосты. Қазiр 746 мемлекеттiк қызметтiң 447-сiн электронды түрде алуға болады. Агенттiк 100 пайыз қағазбастылықтан арылуға көшiптi. Соның бiр айғағы — мемлекеттiк қызметшiлердiң copybook қойын кiтапшасының қолданысқа енгiзiлуi. Онда әдеп, мiнез-құлық ережелер жадынамасы қысқартылып берiлген. Мұндай қойын кiтапшалары Индонезия, Америка, Грузия елдерiнде қолданылып жүр. Агенттiк жеке қызмет куәлiктерiнен бас тартып, заманауи ID карталарға көшiп жатыр. Ол өте ыңғайлы, әрi арзан. Онда мемлекеттiк қызметшiнiң фотосуретi, аты-жөнi анық көрiнiп тұрады. Қарапайым халық та кiммен сөйлесiп тұрғанын бiледi. Бұл магниттi карталармен ғимараттарға еркiн кiре бересiз. Шетелден алынған үлгiнiң тиiмдiлiгiн уақыттың өзi көрсетедi. Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мақсатында «Атамекен», «Нұр Отанмен» тығыз байланыс орнатылған. Қоғамдық ұйымдармен бiрлесе құрылған мобильдiк топтар да өз көмегiн тигiзiп отыр. Сондай-ақ, адал ерiктiлерден құралған 6 мыңнан астам топқа 9 мыңға жуық жастар енген. 800 мыңнан астам адамға 10 мыңға жуық түсiндiрме жұмыстары жүргiзiлдi.

Қазақ тiлiнiң қолданылу аясын кеңейту мақсатында Агенттiктiң ұйымдастыруымен барлық облыстардың тiлдердi дамыту басқармаларының басшылары нау-рыз айында Астанада бас қосып, осы өзектi мәселенi талқыламақ. Бiр шешiмге келiп, Үкiметке хат жолданбақ. Содан ары қарай қазақ тiлiн мемлекеттiк қызметке етене енгiзу шаралары қолданыла бастайды. Агенттiк жұмысы ашықтыққа құрылған. Оның төрағасы Алик Шпекбаевтың Фейсбук, Телеграмм әлеуметтiк желiлерiнде жеке парақшасы бар. Кез келген адам соған тiркелiп, өзiнiң сауалдарын жолдап, жауап ала алады. Сондай-ақ, «1424 жедел байланыс желiсi» жұмыс iстейдi. Өз өңiрiңiзде сыбайлас жемқорлық әрекеттерi немесе орын алған заңсыздықтар жайлы қоңырау шалуыңызға болады. Бiр сөзбен айтқанда, мемлекеттiк қызметке баю үшiн емес, мемлекеттi байыту үшiн келу керек. Жастардың да санасына соны сiңiргенi абзал. Мемлекет қазынасына қол сұққандардың өмiрiн темiр тордың арғы жағында өткiзiп жатқаны жайлы бейнефильм де көрсетiлдi. Өзiнiң болашағын мемлекеттiк қызметпен байланыстырғысы келетiн студент-жастар да көп мағлұмат алып тарасты.

Гәкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ.

Мақаланың шыққан күні: 03.03.2018
Қаралым саны: 789
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?