Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 370.04
EUR | KZT 420.99
RUB | KZT 5.58
Көкшетау қ.
-11 °C
2018 ж. желтоқсанның 14
Елбасы мақаласы – ел дамуына ерекше серпін

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жетi қыры» атты бағдарламалық мақаласы елiмiз дамуының жаңа сатыға көтерiлуiне, тарихымыздың тереңдеуiне, ұрпақ тәрбиесiнiң ұлағатына бастар маңызды, тарихи дүние. Тарихымыздың, шежiремiздiң, ұлттық ой-санамыз бен болмысымыздың күрделi кезеңдерiнiң жетi ғана қыры алға шығарылғанмен, бұл мақалада көтерiлген мәселе көп. Киелi жетi санға жиылған түйiндер — осыған дейiнгi Ұлы даланың әр қиырында ашылған сенсациялық жаңалықтар, жылдар бойғы зерттеулер көрсеткен нәтижелер, ұлт санасында ұялаған ұлағаттар, ата-бабаларымыз қастерлеген берекелi ұғымдар, бiз басып жүрген жерде туып, әлемге озық ойларын олжа еткен ұлыларды атаған бұл ғылыми еңбек елiмiздiң қадiр-қасиетiн артқан ерек тұжырым. Президент: «Төл тарихын бiлетiн, бағалайтын және мақтан ететiн халықтың болашағы зор болады деп сенемiн. Өткенiн мақтан тұтып, бүгiнiн нақты бағалай бiлу және болашаққа оң көзқарас таныту — елiмiздiң табысты болуының кепiлi дегенiмiз осы» — деп түйiндесе, осыншама нәтижеге жеткен, осыншама тектiлiк танытқан жұрттың ұрпағының да арқалар жүгi, жауапкершiлiгi жеңiл болмаса керек. Иә, бiз әл-Фараби, Яссауи, Күлтегiн, Бейбарыс, Абылай мен Кенесары, Исатай мен Махамбеттiң ұрпағымыз, Бауыржан мен Талғаттың, Мәлiк пен Рахымжанның жалғасымыз! Ендеше, бiз қалай осал болмақпыз?!

Ұлтымыздың бойына бiткен бiр ғажайып қасиет оның кiшiпейiлдiлiгi, өнегелiлiгi, iзеттiлiгi болса, өзгелердей өзеуремей, бiз осы ғаламаттарымызды желбiретiп жалаулатпай, әбден жерiне жеткiзiп зерттеп, салмақты саралағанша күткендей екенбiз. Ендi, мiне, Елбасы айна-қатесiз дәлелденген табыстарымызды атап көрсетiп, тұжырымдап-түгендеп, оларды терең түсiнiп, бiлуге, жан-жақты көрсетiп, жас ұрпақты тәрбиелеуге шақырып отыр.

Әлем абдырап дағдарған небiр қилы кезеңдерде, тұйыққа тiрелген дағдарыстардан елiн қашанда асқаралы биiктерге батыл бастаған Елбасы дамуымыздың осы бiр кезеңiнде халқын дүр сiлкiнiп, рухын жаңғыртуға, жаңа белестердi алуға шақырып отыр. Ой-сана көкжиегiн кеңейтер, жас ұрпаққа түбегейлi тәрбие берер, әлемге Қазақ елiнiң ғаламатын паш етер керемет дүниелер қолға алынбақ! Олардың қатарында «Архив-2025» жетi жылдық бағдарламасы, «Ұлы даланың ұлы есiмдерi» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшiлiк серияларды шығару, «Ұлы дала» атты ежелгi өнер және технологиялар музейiн ашу, «Ұлы даланың ұлы өркениеттерi» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құру, «Дала фольклорының антологиясын» жасау сияқты тамаша жоспарлар бар. Ұлы дала қанатын қомдап, ұлы серпiлiс алдында тұрғандай! Алып самұрық құс алыс армандарды алмаққа қанат қаққалы тұрғандай! Көңiлде үлкен тебiренiс! Өрелi ойлы, биiк мақсұтты, ер жүректi халықтың ұрпағы болу, күллi түркi жұртына бесiк болған Ұлы далада — қасиеттi қара шаңырақта туып-өсу, оны «Отаным!» деу мақтаныш емес пе?! Ел сенген, ұлы даланың ұлағаты мен

аманатын арқалаған Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаев сайын далаға осындай бiр салтанатты сый еттi! Бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығарған жұртымыздың осынау серпiндi бастамаға бiр кiсiдей атсалысарына да сенiм мол. «Төртеу түгел болса, төбедегi келедi» деп бүтiндiктi, бiрлiктi ту еткен халқымыз ел үшiн, ұрпақ үшiн атқарылар бұл iстiң басы-қасынан табылып, өрелi бастамаға сүбелi үлес қосары сөзсiз.

Мақаланың шыққан күні: 06.12.2018
Қаралым саны: 28
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?