Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 340.27
EUR | KZT 396.31
RUB | KZT 5.39
Көкшетау қ.
16 °C
2018 ж. маусымның 25
Ел ағасына құрмет көрсетілді

Қала әкiмi Ермек Маржықпаев педагогика саласының ардагерi Тельман Мұқышевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. «Сiздiң еңбек жолыңыз әрбiр адамға үлгi. Қашанда белсендiлiгiңiзбен ерекшеленетiн жан ретiнде қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табыласыз. Спортты жаныңызға серiк етiп келесiз. Осындай қажыр-қайратыңыз сарқылмасын», — деген тiлегiн жеткiздi шаһар басшысы.

Мерейтой иесi өзiнiң өткен өмiрiне шолу жасап, қызықты сәттерiн еске алды. Әсiресе, Алматыда оқып жүрген кезiнде қазақтың батыр ұлы Мәлiк Ғабдуллинмен шахмат ойнаған сәттерiн еш ұмытпайтынын айтты. Ал, Бауыржан Момышұлымен бiр көлiкте отырып, бiрақ сөйлесуге бата алмағанына әлi күнге өкiнедi. Тельман Шәрiпұлы 14 жыл бойы жергiлiктi шахмат клубын басқарып келедi. Оған 70 ардагер мүше. Өзiне көрсетiлген құрметке риза болған ел ағасы қала әкiмiне алғысын жеткiздi. Алдағы уақытта өзiнiң өмiр жолы жайлы кiтап жазуды жоспарлап жүр екен. Мерейтой иесiн, сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Шияп Әлиев те құттықтады.

Мақаланың шыққан күні: 05.01.2018
Қаралым саны: 530
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика