Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 377.95
EUR | KZT 431.2
RUB | KZT 5.66
Көкшетау қ.
-12 °C
2019 ж. қаңтардың 17
Е.Маржықпаев: «Әр бөлім өз ісін тиянақты атқарсын»

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев қала мекемелерi, сала бөлiмдерi жетекшiлерiнiң қатысуымен аппарат мәжiлiсiн өткiздi.

– Өткен 2018 жылды барлық негiзгi көрсеткiштер бойынша бiз жақсы нәтижемен аяқтадық. Дегенмен, егерде әр бөлiм өзi атқарған iстер бойынша ақпарды тиянақты, уақытымен бергенде бұдан да жоғары орыннан табылар едiк. Бұл құжатпен жұмысты қалыс қалдыруға болмайтынын көрсетедi, — деп бастады жиынды қала басшысы Е.Маржықпаев.

– Ендi биылғы жылғы атқарылар шаруалардың жоспарлары нақты болып, олардың орындалуы жiтi қадағаланып отырылсын.

Алдымен, өткен жылы бас-талып, әлi аяқталмаған, тапсырылуы осы жылға белгiленген нысандар түгенделдi. Олардың жұмысында тоқтау болмауы тиiс. Ал, биылғы жоспарлы жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттары уақытымен аяқталып, бекiтiлуi тиiс. Дәл осы құжаттың кешiгуiнен көп iс кеш басталып жүр. Ол құжатта жетiспеген мәселелер шұғыл түрде түзетiлiп, жөнге келтiрiлiп, тиiстi орындарға қайта ұсынылсын.

Бағаның жөнсiз өсуiне тосқауыл қойылсын. Кәсiпкерлiк бөлiмi сөреге бағасы қолжетiмдi азық-түлiктердiң жеткiзiлуiн ұйымдастырсын. Кәсiпкерлермен үнемi түсiндiру жұмыстары жүргiзiлiп, олардың бағаны еш негiзсiз көтеруiне жол берiлмесiн.

Пайдаланылмаған жер телiмдерi, газ қолданудағы кемшiлiктер туралы деректердi анықтау одан әрi жалғассын. Осы уақытта балалардың мұз айдындары, сырғанақтардың қауiпсiздiгi үнемi қадағаланып, қажет уақытта жөнделiп отырылсын.

Осылай дей келе, қала әкiмi Е.Маржықпаев барлық бөлiмдерге өз iстерiн тиянақты атқаруды тапсырды.

«Көкше-ақпарат».

Мақаланың шыққан күні: 10.01.2019
Қаралым саны: 29
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?