Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Достықтың берік діңгегі

Өткен бейсенбi күнi «Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-шы сессиясы болып өттi. Онда Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин баяндама жасады.

Елбасы Н.Назарбаев өзiнiң Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлi Жолдауларында әрқашан елiмiз экономикасының iлгерi басуы, халықтың әл-ауқатының жақсара түсуi, мәдениетiмiз бен өнерiмiздiң өрлеуiнiң басты бiр факторы елiмiздегi береке, татулық, бiрлiк, өзара түсiнiстiк екенiн атап айтады. Береке бастауы — бiрлiк екенiн қалтқысыз ұғынып, осы меженi бағдар тұтқан қазақстандықтар берiк ұстанымнан айныған емес. Бұл жолғы Ассамблея сессиясына жиналғандар жүзiнен де риясыз достық пейiл, тату көңiл, ақ ниеттi сезiну қиын емес едi. Татулық пен берекенi паш еткен көрменi ықыласпен тамашалап, көптен көрмеген дос-жаранмен табысып, суретке түсiп, жадыраған жұрт шын мәнiсiнде мерекеге жиналғандай. Расында да, достықтан асқан мереке болар ма!

Сахна төрiне жайғасқан, ұлттық киiм киген он-сан ұлт өкiлдерi сол көңiл-ниеттiң көрiнiсiндей.

Облыс әкiмi өз баяндамасында Елбасы алға қойған келелi мiндеттер, « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерiлген мәселелер, күнi бүгiнге өңiр тұрғындарының экономика, мәдениет пен өнер саласындағы қол жеткiзген табыстары, Ассамблея облыстық филиалының атқарып келе жатқан игiлiктi жұмыстарына тоқталды. Одан кейiн Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi ағылшын тiлiнiң оқытушысы Ж.Сағындықова, Зерендi аудандық тiлдердi оқыту орталығының директоры Д.Орлова, Целиноград аудандық Достық орталығының директоры М.Сукалов, Астрахан ауданындағы Николаев селолық округiнiң әкiмi Е.Лысенко, облыстық татар-башқұрт бiрлестiгiнiң мүшесi Р.Загайдулиндер сөйледi.

Сессия күн тәртiбiндегi мәселелер қарастырылып болған соң, жиналған жұртшылыққа тартымды концерт ұсынылды. Көрерменге әсiресе балғын бөбектердiң биi, киноэкранда Елбасы бейнесiн сомдап жүрген актер, әншi-композитор Нұрлан Әлiмжановтың сахнаға көтерiлуi ерекше әсер еттi. Сөйтiп, Ассамблея сессиясы асқан ұйымшылдықпен, жарқын көңiл-күй үстiнде, сәттi өттi.

«Көкше-ақпарат».

Мақаланың шыққан күні: 05.12.2017
Қаралым саны: 252
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро