Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 370.04
EUR | KZT 420.99
RUB | KZT 5.58
Көкшетау қ.
-11 °C
2018 ж. желтоқсанның 14
Достығымен жарасқан бауырлас ел Өзбекстан

Елбасының Жарлығына сәйкес биыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп жарияланғаны белгiлi. Соған орай бауырлас елдiң түрлi салада қызмет ететiн өкiлдерiнiң бiздiң өңiрге де жұмыс сапарлары жалғасуда. Жақында ғана қалалық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi мен тiлдердi оқыту орталығының ұйымдастырған «Достығымен жарасқан

бауырлас ел Өзбекстан» атты мәдени-көпшiлiк шарасы өттi. Оған Түркiстан облысына қарасты Сайрам ауданындағы №94 мектептiң мұғалiмдерi мен оқушылары арнайы келдi. Соған орай ұйымдастырылған семинар-конференция барысында бiздiң елдiң латын һарпiне көшуге қадам жасап жатқандығы, бауырлас елдiң осы бағыттағы тәжiрибесi, сабақ алатын тұстары жайлы айтылды. Қазақтiлдi өзбек ағайындар дәм-тұзын алға тартып, көкшелiк көрерменге концерттiк бағдарламасын ұсынды. Залды билетiп, кәсiби әншiлерден кем өнер көрсетпеген мектеп мұғалiмдерi мен оқушылары әдемi әуенiмен баршасын өзiне баурады.

«Достар» мәдениет сарайының кiшi залында алдымен «Латын графикасына көшу — болашаққа бастар бағыт» тақырыбында семинар-конференция өттi. Оның жұмысына қала әкiмiнiң орынбасары Алтынай Әмiренова қатысып, алыстан ат терлетiп келген бауырлас ел өкiлдерiне ақ жол тiледi. Жалпы, қазақ пен өзбек ежелден бiр туған халық екенi белгiлi. Олардың арасындағы достық, бауырмалдық қарым-қатынас жiгi ажыраған емес. Бүгiнгi Көкшетауға келген меймандардың да ұстанғаны осы — ынтымақ пен бiрлiктiң туын жоғары ұстау. Түркiстан облысы, Сайрам ауданында тұратын халықтың 70 пайызы өзбектер. Мұнда 70 мектеп жұмыс iстейтiн болса, оның 54-i өзбек тiлiнде бiлiм бередi. Қазақстан латын әлiпбиiне 2025 жылы өтуге байланысты дайындық жұмыстарын бастағалы берi бұл тақырып ел iшiнде қызу талқылануда. Осыған байланысты қазақ жұртшылығы көптеген елдердiң латын әлiпбиiне көшу тәсiлi мен тәжiрибесiне баса назар аударуда. Оған себеп те жоқ емес. Өйткенi, бiр алфавиттен өзге бiр әлiпбиге өту өте күрделi процесс. Түркi тiлдес елдердiң iшiнде Түркия, Әзербайжан сынды мемлекеттер латын әлiпбиiне аса бiр қиыншылықсыз өткенi белгiлi. Бiрақ Өзбекстан әлi күнге дейiн қос әлiпбидi (кирилл және латын) пайдаланып келедi. Өзбекстан кирилл алфавитiнен латын әлiпбиiне өтуге байланысты заң жобасын 1993 жылдың 2 кыркүйегiнде қабылдаған болатын. Бұл заңның өзбек елiнде қысқа уақыт iшiнде қабылдануына басты себеп, сол уақытта Түркиямен арадағы қарым-қатынасының жақсы деңгейде болуы болды. Бiрақ кейiннен Ташкент пен Анкара қарым-қатынасы бұзылып, Өзбекстан билiгi латын әлiпбиiне көшудi 2000 жылға, одан кейiн 2005 жылға, кейiннен тiптi 2010 жылға дейiн кейiнге қалдырды. Осы кезден бастап Өзбекстан мектептерiнде қос әлiпби оқыту бағдарламасы енгiзiлдi. Бұл бағдарлама уақыт өте келе өзбек қоғамын екi лагерьге бөлiп тастады. Олардың бiрi Кеңестер одағы кезiнде кирилл алфавитiмен бiлiм алып, өмiр бойы кирилл әлiпбиiмен жазып келген аға буын өкiлдерi мен тәуелсiз Өзбекстанда туылып, латын әлiпбиiнде оқыған жас буын өкiлдерi.

Қазiргi таңда Өзбекстанда 25 жасқа дейiнгi өзбек жастарының барлығы дерлiк латын әлiпбиiн пайдаланады. Ал, аға буын өкiлдерi керiсiнше кирилл алфавитiнде жазады, сызады. Елдегi кiтаптер мен ғылыми еңбектер, газет, журналдар қос алфавитте шығады. Бiрақ мектептер мен жоғары оқу орындарының басым көпшiлiгi латын әлiпбиiнде жазылған кiтаптарды қабылдамайды. Ендi 2025 жылға қарай латын әлiпбиiне көшемiз деп жатқан Қазақстанға келсек. Бұл жерде бiз не көремiз? Бұл арада бiз бiрiншi кезекте латынға көшуде осыдан 15-20 жыл бұрын Өзбекстан елi жiберген қателiктердi қайталауды байқаймыз. Ол қателiк компьютер пернетақтасындағы 26 әрiптен аспау мақсатында диакритикалық (ноқаты бар) әрiптердiң орнына қос әрiп пайдалану. Бұған дәлел соңғы рет Парламентте талқыланған алфавит. Онда кирилл әлiпбиiндегi «ә» әрпiн латын алфавитiнде «ае» деп белгiлеген. Дәл осындай қателiктi 1995 жылы Өзбекстан елiнiң тiл мамандары да жiберген. Оларда өз латын әлiпбиiндегi Ç ç, Ş ş сынды диакритикалық таңбаларын Ch ch, Sh sh әрiптерiне ауыстырған. Бiрақ бұнымен әлi күнге дейiн «айды аспанға шығарып», ғаламды таң қалдыратын софт жасап, компьютердiң пернетақтасында зырылдайтын өзбек баласын көрмедi әлем жұртшылығы. Мiне, осы және басқа да кемшiлiктердi алға тартқан Сайрам ауданындағы №94 мектеп директорының орынбасары Клара Расулкулова мен қазақ тiлi мұғалiмi Раъно Абдраимовалар өзбек ағайындар жiберген қателiктердi қазақ бауырларымыз да жiбермесе екен деген тiлегiн жеткiздi. Жанайдар Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжiнiң филология бөлiмiнiң меңгерушiсi Қуаныш Иманбаев, облыстық оқу-әдiстемелiк орталығының оқытушысы Қарагөз Жамұханова да өз ойларын ортаға салды. Көкшетауға арнайы келген өзбек ағайындар өздерiн үлкен iлтипатпен құшақ жая қарсы алып, құрмет көрсеткен баршасына алғысын бiлдiрiп, Сайрамға қонаққа шақырды.

Мақаланың шыққан күні: 04.12.2018
Қаралым саны: 25
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?