Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 360.87
EUR | KZT 410.27
RUB | KZT 5.4
Көкшетау қ.
15 °C
2018 ж. тамыздың 17
Сап түзеп, ән салған оқушылар

Отан қорғаушылар және Жеңiс күнi қарсаңында Көкшетаудағы Тәуелсiздiк алаңында жалпы бiлiм беретiн мектептер, лицейлер мен колледждердiң оқушылары сап түзеп, патриоттық ән салудан сайысқа түстi. Жеңiмпаздарды Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев пен облыстық бiлiм басқармасының жетекшiсi Талғат Жүнiсов құттықтап, дипломдар тапсырды.

Патриоттық ән байқауына қаланың мектеп оқушылары бiрнеше ай бұрын дайындығын бастаған. Сымдай тартылып, әскери форма киiнген қыз-жiгiттер өзiн сарбаздардай сезiнiп, жауапкершiлiктi жақсы ұғынған. Байқау жыл сайын дәстүрлi түрде жүргiзiлiп келе жатыр. Биыл да бiркелкi форма, қатардың бұзылмауы, қадамды бiрдей жасау, әндi бұзбай, бiрге айту сияқты талаптар қойылды. Оларға баға берген қазылар алқасының құрамында әскерилер мен мектеп, колледждерде алғашқы әскери дайындық пәнiнен сабақ беретiн мұғалiмдер бар. Шараға қала әкiмi Ермек Маржықпаев қатысып, жеңiмпаздарға кубоктар мен ақшалай сертификаттар табыс еттi. Байқауға тыңғылықты дайындалған №21 мектептiң оқушылары гран-при жүлдесi мен 200 000 теңгеге ие болды. 1-шi орынды №12 мектептiң тобы иеленiп, 150 мың теңгеге қол жеткiздi. 2-шi орынды №6 мектептiң оқушылары алып, оларға 100 000 теңге сертификат берiлдi. Ал, 3-шi орынға №3 мектеп ие болып,

75 000 теңгеге қол жеткiздi. Колледж-дер арасында 1-шi орын мен 100 мың теңге сертификатқа Көкшетау жоғарғы колледжi, 2-шi орын мен 75 000 теңгеге Ж.Мусин атындағы жоғарғы педагогикалық колледж, 3-шi орын және 50 000 теңгеге Красный Яр селосындағы агротехникалық колледж ие болды.

 

Мақаланың шыққан күні: 15.05.2018
Қаралым саны: 108
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика