Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Қол жеткен жетістіктеріміз елеулі

Депутат Еркін Исімбаевтың төрағалығымен 8 тамызда алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы болды. Онда Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев «2017 жылдың бірінші жартыжылдығында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» есеп берді. Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Ғайсаның ұсынысымен «2018-2020 жылдарғы Көкшетау қаласы бюджетінің орындалуы туралы» мәселе келесі сессияның күн тәртібіне енгізілді.

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев сессияда жаса-ған баяндамасында ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының негізгі көрсеткіштерін жан-жақты талдап айтып берді. Өнеркәсіп секторда 43,7 миллиард теңгенің өнімі шығарылып, 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда физикалық көлем индексі 100,2 пайызға жетті. Мұндай жетістіктерге өнім өңдеуші кәсіпорындардың үйлесімді жұмысы арқасында қол жеткізілді. «КамАЗ-Инжиниринг», «Тыныс», «Көкше» акционерлік қоғамдары, «Новопэк», «ЕНКИ», «Натур продукт», «Регион Строй», «Көкшетау нан заводы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері өнім көлемін арттырып, қала экономикасына елеулі үлес қосты. Ал, шикізаттың жетіс-пеушілігі мен сұраныстың азаюынан «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамы мен «Ақмола бидай», «КМЗ Молоко Синегорья», «Ақсай нан Көкшетау», «AGRIMER ASTYK» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде былтырғы жылмен салыстырғанда өнім көлемі азайып кетті. Ауылшаруашылығындағы өндірілген өнім көлемі 623,1 миллион теңгені құрады. Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 11,5 млрд. теңге деңгейде болды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 687 миллионға көп. Ақылы қызметтің жекелеген түрлерінің тарифі мен электр қуатының бағасы бұрынғы айдың деңгейінде қалды. Кей өнімдер бағасының өсу себептері импорттық өнімдерге сұраныстың өсуіне байланысты. Есепті мерзім ішінде 90,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – 2016 жылмен салыстырғанда 14,1 мың шаршы метрге көп. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету деңгейі – 50,6 пайызды құраса, нақтылы тіркелген жұмыссыздық 0,3 пайызды құрады. Экономиканың нақты секторында 1295 жаңа жұмыс орындары құрылды. Есепті баяндамада айтылған бұл көрсеткіштер 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық жоспарлардың толық көлемде орындалатындығына кепілдік береді.

Мақаланың шыққан күні: 14.08.2017
Қаралым саны: 299
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро