Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 376.51
EUR | KZT 418.91
RUB | KZT 6.13
Көкшетау қ.
-6 °C
2020 ж. қаңтардың 19
Құрметті жерлестер!

Барлығымыз жақсы көретiн отбасылық мереке — Жаңа жыл да есiк қағып тұр. Әрбiрiмiз келер жыл табысты болады деген үмiтпен жүремiз, жоспарлар құрамыз. Жаңа жыл — бұл өткенге салауат айтып, болашаққа қадам басатын кезең. 2019 жыл елiмiз үшiн көптеген игi iстер жүзеге асқан жыл болды. Бiрқатар бастамалар қолға алынды. Оның басты бағыты халықтың денсаулығы, көпбалалы отбастарын қолдау, инновациялық технологияларды енгiзу, сондай-ақ көрiктi қаламызды абаттандыру мен құрылыс жұмыстарын жандандырумен байланысты болды. Көкшетаулықтардың қажырлы еңбегiнiң арқасында қоғамдағы бiрлiк пен татулықты сақтап, өз — өзiмiзге деген сенiмiмiз артты. Экономикалық өсiм, тұрғын үй құрылысы, жаңа жолдар мен көпiрлердiң ашылуы, қаланы көркейтуге бағытталған шаралар қатарының артуы бiздiң өткен жылға еш өкпесiз Жаңа жылға қадам басуымызға ықпал етпек.

Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесiн құттықтаймын! Отбастарыңызға амандық тiлеймiн. Бала-шағаларыңыздың ортасында әдемi мерекенi қарсы алып, немере-шөберенiң қызығына тоймай жүре берiңiздер. Жаңа жыл жаңа бастамаларға негiз болып, армандарға жетелеп, биiктердi бағындыруға нәсiп етсiн!

Амангелдi СМАЙЫЛОВ,
Көкшетау қаласының әкiмi.

Мақаланың шыққан күні: 31.12.2019
Қаралым саны: 90

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус