Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-2 °C
2019 ж. қазанның 22
Құрметті көкшетаулықтар!

Сiздердi елiмiздiң басты ұлттық мерекесi — Тәуелсiздiк күнiмен шын жүректен құттықтаймын. Осыдан 27 жыл бұрын Тәуелсiздiкке қол жеткiзген халқымыз өзiндiк даму жолына түсiп, әлемге танылды. Бұл ата-бабамыз аңсаған азаттықтың таңы едi. Осы жылдар аралығында талай тар жол, тайғақ кешулерден өттiк. Қазақстан егемендi, демократиялық, зайырлы мемлекет болып қайта құрылды. Өндiрiсiмiз қарыштап дамып, өркениеттiң өрлеу кезеңдерiне қадам бастық. Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың есiмiмен байланысты даму үрдiсiмiздiң қаншалықты дұрыс екенiне көзiмiз жеттi. Мемлекет басшысының арқасында Қазақ елi жоғары халықаралық деңгейге көтерiлдi. Бүгiнде Қазақстанда саяси тұрақтылық, ұлтаралық келiсiм мен татулық, қалыпты әлеуметтiк-экономикалық даму көрiнiс тапты. Сондықтан халқымыз болашаққа сенiммен қарап, осындай елде өмiр сүрiп жатқанын мақтан тұтады.

Тәуелсiздiк — ең алдымен мемлекеттiң қалыпты экономикалық жағдайы. Егемендiктiң арқасында бiз болашаққа жоспарлар құрып, алға нық қадам басудан еш қорықпаймыз. Соңғы жылдары Көкшетау қаласында да құрылыс, өнеркәсiп саласы дамып, жаңа мөлтек аудандар бой көтерiп, балалардың аулалары жаңартылып, саябақтар салынып жатыр. Заманауи инновациялар енгiзiлiп, инвестициялық ахуал да жақсарды. Жастарды отансүйгiштiк рухта тәрбиелеу жұмыстары қолға алынды. Осының бәрi бiздiң бiрлескен жұмысымыздың нәтижесi.

Бiздiң Отанымыз Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесi құтты болсын, бiрлiк пен ынтымақтың бесiгiнде тербеле берейiк!

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ,
Көкшетау қаласының әкiмi.

Мақаланың шыққан күні: 14.12.2018
Қаралым саны: 377

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?