Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
«Жолақы қымбаттады – қызмет сапасы да артуы тиіс»

«Жолақы қымбаттады — қызмет сапасы да артуы тиiс». Дәл осындай талапты қала әкiмi Ермек Маржықпаев жолаушылар тасымалымен айналысатын мекеме басшыларына жүктедi. Шаһар басшысы Көкшетау тұрғындарына қызмет көрсететiн «Сейнұр», «Автобус паркi», «Тұлпар» және «Бастау» мекемелерiне тиiстi бiрнеше бағыттағы автобустарға мiнiп, көлiктердiң iшкi тазалығына, аялдамалардың хабарландырылуына, жалпы сервиске назар аударды. Жолаушылармен әңгiмелесiп, көлiк қызметiнiң сапасы жайлы сұрап бiлдi. Ескi автобустарды жаңалау, жеңiлдiкпен жүретiндердiң тiзiмiн мiндеттi түрде iлу, билеттiң сатылуына қатысты сын-ескертпелерiн айтты. Жолақы бағасы биыл 60 теңгеден 80 теңгеге өскендiктен тасымал қызметi де сапалы болуы тиiс қой.

Алдымен «Автобус паркiне» тиесiлi №5 автобусқа мiнген шаһар басшысы бiрден аялдамалардың хабарландырылмайтынына назар аударды. Контролер әйелдiң айқайлап жариялайтынын сынға алып, бұл мiндеттi жүргiзушi атқаруға тиiстiгiн ескерттi. Олардың киiмi де талапқа сай болғаны абзал. Базар аялдамасына жеткеннен кейiн әкiм «Сейнұр» фирмасына тиесiлi №6 автобусқа отырды. Мұндағы жолаушылар бұл бағыттағы көлiк қатынасына көңiлi толатындарын және үнемi билет сатылатындықтарын айтты. Жолақы бағасының қымбаттағанына разы емес-тер де табылды. Тасымал қызметiне шағымданғысы келетiн тұрғындар назарына тиiстi мекеменiң нөмiрi мiндеттi түрде iлiнiп тұруы тиiс, — дедi Ермек Боранбайұлы. Ары қарай қозғалысты «Тұлпар» мекемесiне тиесiлi №3 автобусқа мiнiп жалғастырған қала әкiмiне жолаушылар колледждерге қатынайтын болғандықтан көлiктiң мүлдем тарлық ететiнiн айтты. Әсiресе, жастар оқуға келе бастағаннан, таңертең және кешкiсiн көлiктiң аузы-мұрны толып, әрең қозғалатынын, кейде тұрғындардың өзi сыймай қалатынын сынға алды. Сондықтан осындай бағыттарға «ПАЗ» көлiгiн емес, одан үлкенiн бөлу керек. Шаһар басшысы контролерлерге тиесiлi жалақы тағайындалмайтынын бiлiп, алдағы уақытта олармен де келiсiм жасалу қажеттiгiн қадап тапсырды. Өйткенi, бұл жұмысқа медициналық тексерiстен өткен адам алынуы тиiс. Бұдан кейiн «Бастау-1» мекемесiне тиесiлi №14 автобусқа отырған қала әкiмi көпбалалы анамен әңгiмелесiп, оның тегiн жүру құқығы бар екенiнен хабарсыз болып келгенiне таң қалды. Және алдағы уақытта бұл олқылықтың орны толтырылып, бәрiн заңға сай жасау қажеттiгiн тапсырды. Сапар барысында айтылған сын-ескертпелер аяқсыз қалмауы үшiн тез арада жолаушы тасымалымен айналысатын кәсiпорындар басшылары және мамандарының қатысуымен кеңес өткiзiлетiн болды. Қордаланған түйiндi мәселелер сонда ғана нақтылы шешiм табуға тиiстi.

«Көкше-ақпарат».

Мақаланың шыққан күні: 08.09.2017
Қаралым саны: 368
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро