Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 379.75
EUR | KZT 415.18
RUB | KZT 5.78
Көкшетау қ.
0 °C
2020 ж. ақпанның 28
Барлық мәселе назарға алынады

№13 мектеп-гимназиясында тұрғындар алдында есеп берген Көкшетау қаласының әкiмi Амангелдi Смайылов халықтың қамсыз тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй, денсаулық, бiлiм, жұмыспен қамту, коммуналдық шаруашылық мәселелерiн сөз еттi. Әкiм есебiнде айтылғандай, экономиканың қай саласында да өндiрiстiк көрсеткiштер өсе түсуде, жаңа өндiрiс нысандары көбейiп, кәсiпорындар салаларын кеңейтуде, кәсiпкерлiк және қызмет көрсету қазiргi заманға сай мамандануда. Мұның бәрi қалада әлеуметтiк, тұрмыстық проблемаларды шешуге оң ықпал етуде.

Әкiм баяндамасында осы округте жасалған және алда атқарылатын жұмыстарға тоқталды: «Былтыр Боровской, Юбилейный шағын аудандарында аулалар абаттандырылып, көшелер жарықтандырылды. Округте «Регион Строй» ЖШС салған тұрғын үйлер қала сәулетiне ерекше көрiк берiп тұр. Дегенмен, әлi де атқарылатын шаруа шаш-етектен. Әсiресе, қала көркiн кетiрiп тұрған сұрықсыз ғимараттарды қалыпқа келтiру қажет. Жалпы, қала бойынша 44 аула жөнделдi. Ендiгi кезекте Бейбiтшiлiк шағын ауданының жолдарын қалыпқа келтiру мiндетi тұр. Жолдың болмауынан автобустардың қатынамауы, әсiресе, балаларға қиындық туғызып отыр. Бұл аумақта 3 мың адам қоныстанған. 240 бала №18, №13 орта мектептерге жаяу қатынап оқып жүр. Екi кезеңге арналған жобаға бөлiнген қаражаттың 250 млн теңгесi биыл игерiледi. Төрт жолақты жол қала iшiнде де пайда болады. Мәлiк Ғабдуллин көшесi даңғылға айналады. Көше бойындағы суағар, жарықшамдардың барлығы жаңартылады. Былтыр Ғабдуллин көшесi бойында жаңа автомобиль көпiрi салынды. Биыл «Аққу» балабақшасы жанындағы көпiр кеңейтiледi. Жөндеу жұмыстары сәуiр айында басталады».

Кездесудiң сұрақ-жауап бөлiмiнде Юбилейный, 32 үй тұрғындарының бiрi тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша жүргiзiлген күрделi жөндеу жұмыстарына көңiлi толмайтынын жеткiздi. «Қалада 700-ден аса тұрғын үй бар. ПИК-ке қатысты мәселелер барын жасырмаймыз. Көп қабатты үйлер мен жатақханаларды жылу, сумен қамту, кәрiз жүйелерiн ретке келтiру бiртiндеп шешiмiн табуда», — деген әкiм тұрғын үй инспекциясының өкiлдерiне үй тұрғындарына түсiндiру жұмыстарын жүргiзудi тапсырды.

Қоғамдық көлiктердегi автоматты төлем жүйесiне қатысты сауалға әкiм: — Автобустарда картамен төлем жасау жүйесi қалада қанша адам қоғамдық көлiктi пайдаланатынын бiлу үшiн енгiзiлiп отыр. Бұл тұрғындар үшiн қолайлы әрi тиiмдi деп ойлаймын. Такси жұмысын дұрыс ұйымдастыру жайы да қарастырылуда. Ең бас-тысы, автобустардан мәдениет талап етiлуi керек. Жалпы, қала бойынша қоғамдық көлiктердiң жұмысын бақылап тексеретiн мобильдi топ бар, — деп жауап бердi.

Тұрғындардың бiрi кәрiз құдықтары қақпақтарының жиi ұрланатынына шағымданды. — Өкiнiшке орай, шойын қақпақтарды бизнеске айналдырып отырғандар көбейiп отыр. «Су арнасы» кәсiпорнының мәлiметiнше, былтыр 600 қақпақ ұрланған. Мұнымен күресу полицияның немесе әкiмнiң ғана мiндетi емес, бәрiмiз жұмыла күш бiрiктiретiн — баршаның iсi. Көшедегi келеңсiз көрiнiстермен бәрiмiз бiрiгiп күрессек қана құқықбұзушылықтың алдын аламыз, — дедi қала әкiмi.

Кездесуде атаулы әлеуметтiк көмек, баспана, балалар хирургiнiң жетiспейтiнiне қатысты мәселелер айтылды. Халықтың сан қырлы өмiрiнде iлгерiлеу бар екендiгiн ешкiм жоққа шығара алмас, алайда, бiтпеген шаруа қай кезде де шаш етектен болып келедi.Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың көпшiлiгi көлемi ұлғайып келе жатқан аудан бөлiктерiн абаттандыру, қоқыс мәселелерiне арналды. Сол сияқты қаңғыбас иттердiң мәселесi де қайта көтерiлдi. Кездесуде жылда айтылатын жылу электр орталығын салу, газ құбырын тарту жобаларына қатысты мәселе тағы көтерiлдi. Қала басшысы нысан құрылысына жер телiмi бөлiнгенiн, ал қалаға газ тарту жұмыстары 2021 жылы басталуы мүмкiн екендiгiн жеткiздi.

Қала басшысы осындай кездесулерде көтерiлген мәселелер аяқсыз қалмайтынын айтып, айтылған сын-ескертпелер бойынша жұмыс жасалатынын мәлiмдедi. — Сiздердiң алдағы күнге деген сенiмдi көзқарастарыңыз көңiлiмнен шығып отыр. Бiз қашанда алға қарай жүруiмiз қажет. Қаладағы басты мәселелер шешiмiн тауып жатыр. Бүгiн осы жерде айтылған әр ұсыныс-тiлек жерде қалмайды. Бәрi де сараланып, тиiстi жұмыстар атқарылады,– дедi қала әкiмi.

***

Көкшетау қаласының әкiмi Амангелдi Смайыловтың тұрғындармен есептi кездесуi №1 орта мектепте өттi.

Кездесу барысында округ тұрғындары өздерiн толғандырған мәселелердi көтерiп, сұрақтарына жауап алды. Көпшiлiктi алаңдатқан сауалдардың бiрi баспана мәселесi болды.

Ардагер ұстаздар қауымы «Соңғы жылдары қалада оң өзгерiстер көптеп орын алуда. №1 орта мектепте қосымша ғимарат құрылысы басталғанына да қуанып отырмыз. Бiлiм ордасы қала орталығында орналасқандықтан, көзтартарлық ғимарат болу керек. Жасөспiрiмдер үшiн спорт алаңы ашылса екен деген тiлегiмiз бар», — деген өтiнiштерiн жеткiздi. — Қала қазынасының көлемi көбейген сайын туындаған мәселелердi шешудiң мүмкiндiгi де арта түсетiнi белгiлi, өйткенi көптеген түйткiлдердiң шешiмi қаражатқа келiп тiреледi, — дедi қала басшысы.

Қылшақты өзенiн тазарту мәселесi де қозғалды. Әкiм биыл өзендi тазарту жұмыстары жүргiзiлетiнiн мәлiмдедi. Кездесуде пәтерге қол жеткiзе алмай жүрген көпбалалы ананың өтiнiшi аяқсыз қалмайтынына сендiрдi қала басшысы.

«Бiрлiк» шағын ауданының тұрғындары жолдардың қашан асфальтталатынын сұрады. –Былтыр «Бiрлiкте» екi көшеге асфальт төселдi. Биыл ағымдағы жөндеуге қаражат бөлiнбек. Жаяу жүргiншiлер жолы қажеттiгiн де бiлiп отырмыз. Қала аумағының 70 пайызын жеке сектор алып жатыр. Шешiлмей жатқан мәселе де көп. Мысалы, «Бейбiтшiлiк» шағын ауданында жол салынбағандықтан, автобус қатынамай отыр. Сол сияқты Солтүстiк өндiрiс аймағына барар жолды асфальттау да алда тұрған мiндеттердiң бiрi. Бiз әр аумақтың мәселесiн рет-ретiмен шешуге тырысамыз. Барлық көшенiң жыртығы жамалып, тақтайдай болуы әзiрге мүмкiн емес, — деп жауап бердi әкiм. Орталық саябақта демалыс орнын ретке келтiру үшiн кәсiпкерлермен жұмыс жасалатынын айтты қала басшысы. «Ақылды қала» жобасы аясында қаладағы жарық бағандары жарықдиодты шамдарға ауыс-тырылады.

«Дон» ПИК-нiң өкiлi осы аумақтағы құбырлардың ескiргенiн, жаңартуды қажет ететiн, сондай-ақ, қалада сантехник мамандарының жетiспейтiнiн алға тартты. Қала басшысы шаһардағы жаңа жобаларды сызба арқылы көрсетiп түсiндiрдi: — Бiр ауланы абаттандыруға 450 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалады. Ескi үйлердiң инженерлiк желiлерiн ауыстыру да қымбат жоба болып саналады. Қазiргi уақытта қалада тұрғын үй құрылысын бастамас үшiн әуелi инженерлiк желi тартылады. Ал, маман жетiспеушiлiгiне келсек, бұл мәселе құрылыс саласында да бар. Бұл жерде жұмыспен қамту бөлiмi сұранысқа сай мамандар даярлауда жұмыс берушiлердiң талап-тiлегiн ескеруi тиiс.

Кездесу соңында жиналған тұрғындар қала басшысына болашақта атқарар жұмыстарына жемiс тiлеп тарқасты. Қала әкiмi А.Смайыловтың тағы бiр кездесуi Центральный шағын ауданындағы №19 мектепте өттi. Мұнда да бөлiм басшылары шараға ертерек келiп, тұрғындарды қабылдады. Былайғы күндерi де қала басшысы тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша аптасына екi рет қабылдайды. Оның орынбасарлары да екi реттен халықпен жүздеседi. Әлеуметтiк желi, сайттар арқылы көтерiлетiн сұрақтарға дейiн жауапсыз қалдырылмайды. Сол себептi де тұрғындар сұрағы көп болған жоқ. Әкiм баяндамасынан кейiн Цен-

тральный шағын ауданы көтерген негiзгi мәселе №43 үйдiң жай-күйi болды. Алайда, бұл үйдiң мәселесiмен де билiк жақсы таныс. Әкiм қабылдауында айтылған. Талданған. Мамандар жұмсалып, зерттелген. Оған қоса сол аймақтан сайланған депутат Әсия Шәрiмова да арнайы барып, көрген екен. Шатырын жел ұшырып, пәтерлер ылғал тартып, ауа келетiн жолдары бiтелген үйге көмек көрсетiлетiн болды.

– Алайда, тұрғындар өз жеке меншiгiндегi пәтерлер, үйлердi өздерi күтiп ұстап, жөндеуi тиiс. Меншiк иесi екендiктерiңiздi түсiнулерiңiз керек. Үй тұрғындары өзара бiрiгiп, бiр пiкiрге келiп, ПИК-тер құрып, соның жұмысына атсалысып, жандандыру керек. Осыны дұрыс түсiнiп, осы бағытта жұмыс жасау жөн, — дедi сұрақтарға жауап бере келiп А.Смайылов. Орталық газ жүйесi, ересек адамдардың компьютер үйренуi сияқты сұрақтарға да тиянақты жауаптар қайтарылды.

* * *

Қала әкiмiнiң халықпен кездесуiнiң кезектi жиыны Жайлау шағын ауданында, №21 мектепте өттi. Көкшетау қаласының 2019 жылғы көрсеткiштерi мен 2020 жылға әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары туралы әкiмнiң орынбасары С.Шабаров баяндама жасады.

Кездесу алдында қаланың барлық бөлiмдерiнiң басшылары қабылдау өткiздi. Онда әр тұрғын өзiн мазалаған сұрақтар бойынша сол сала басшыларымен асықпай пiкiрлесуге мүмкiндiк алды. Содан ба, кездесу үстiнде әкiм орынбасарына қойылған сұрақ саны көп болған жоқ. Жайлаулықтар көтерген мәселелер Жеңiс, Жұмабаев көшелерiнде жаяу жүргiншi жолының жоқтығы, жарықтандырылмауы, кейбiр көшелерде суағарлардың болмауынан немесе тұрбалардың бiтелiп қалуынан көктемде қар суының қалқып кетiп қиындықтар туғызуы, автобустардың сирек жүруi, сондай-ақ, бұралқы иттердiң көбейiп кетуi, бiрқатар үйлердiң орталық жылу жүйесiне қосылмауы, кейбiр қауiптi жерлерге жол белгiлерiн қою жөнiнде болды.

С.Шабаров барлық сұрақтарға мамандарды қатыстыра отырып, толық жауап қайтарды.

– Жалпы, қалада өткен жылы көп жұмыс атқарылғанын көрiп отырсыздар. Бұл жұмыстар жоспарлы түрде жалғаса беретiн болады. Ал, сiздердiң бүгiнгi қойған сұрақтарыңыз, көтерген мәселелерiңiздiң бiр де бiреуi аяқсыз қалмайды. Аты-жөндерiңiз, мекен-жайларыңыз, айтқан пiкiрлерiңiз тиянақты жазылып алынып, қаулыға енгiзiледi. Содан кейiн талқыланып, қандай шара алуға болатыны шешiлгеннен кейiн жоспарға кiредi. Ол жоспар заң жолымен жүзеге асады. Күрделi жұмыстарға бiрер жыл уақыт керек. Үлкен қаражатпен шешiлетiн жұмыстар бiр күнде жүзеге аспайды. Осыған дейiн жоспарлы түрде қала қалай дамып, гүлденiп келе жатса, солай жалғасын табады, — дедi ол сөзiнiң соңында.

Жайлау шағын ауданының тұрғындары сұрақтарына жауап алып, iс мәнiсiне түсiнiсiп тарқасты.

* * *

Шаһар басшысының тұрғындармен кездесуi №12 мектепте жалғасты. Бұл шағын ауданда көктемгi ағын судың зардабын тартып отырған үйлер бар. Тұрғындардың басым бөлiгi осы мәселенi қозғады. Вернадский 11, Темiржолшылар 104 көп қабатты үй тұрғындары жертөлелерiн көктемде су басатынын, аулаларына 30 жылдан берi жөндеу жүргiзiлмегенiн, Шанхайға апаратын жолдың шаңын жұтып отырғандарын, сол маңдағы көлiктерге техникалық қызмет көрсету орталығының жиналған қарды тұрғын үй маңына төгетiнiн алға тартты. Соған қатысты әкiмдiкке, Нұр Отан партиясының филиалына жүгiнген. Бiрақ әзiрге еш нәтиже жоқ. Сондай-ақ, иесiз қалған бұрынғы балабақша ғимаратын қалпына келтiру жайы да айтылды. Ал, ескi жатақханада күнелтiп отырған тұрғындар өздерiнiң, тiптi назарға да алынбайтынын жеткiздi. Сонымен қатар, №12-шi мектеп маңындағы бұрылыс жаяу жүргiншiлер үшiн аса қауiптi. Қала әкiмi бұл жолды кеңейту жоспары бар екенiн айтты. Биыл автовокзал, вокзал ғимараттарының iшi-сыртын жөндеу көзделген. Автовокзал маңына көлiк тұрағын салу жоспарланып отыр. Вернадский 5 а, 5 б тұрғын үйлерiнiң жертөлелерiндегi суды соруға қатысты «Көкшетау Су арнасы» мекемесiнiң басшысына нақты тапсырмалар жүктелдi. Ал, шатырынан су ағатын бас-пана тұрғындарына үйдi жөндеуге қатысты құжаттарды дайындап, тұрғын үйдi жетiлдiру бағдарламасына өтiнiш беру қажеттiгi айтылды. Қала әкiмi барлық мәселелер назарға алынатынын және мүмкiндiгiнше iске асырылатынын алға тартты.

Мақаланың шыққан күні: 30.01.2020
Қаралым саны: 81

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус