Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-2 °C
2019 ж. қазанның 22
Дәстүрлі әншілердің басын қосқан мәдени шара

Қыркүйектiң 12-13 аралығында Үкiлi Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы «Гәккулеткен, аққу жеткен — Көкшетау» II аймақаралық фестивалiн өткiздi. Ауқымды музыкалық форум Үкiлi Ыбырайдың шығармашылығына арналған, әрi «Рухани қазына» кiшi бағдарламасының «Туған жер — туған ел» базалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола жерiндегi ең мықты деген дәстүрлi әншiлердiң басын қосты. Бұл шара жыл сайын ұйымдастырылып келедi. Биылғы ән фестивалiне Астана, Семей, Тараз, Қарағанды қалаларынан дәстүрлi әншiлер жиналды. Жергiлiктi өнерпаздар Арқаның әндерiн әуелетiп, әуездi кештiң ажарын кiргiздi.

Музыкалық жобаның басты мақсаты, Сарыарқа мәдениетiнiң халықтық әндерiнiң танылуы, дамуы, сақталуы, жандандырылуы, жалпы мәдени маңызы бар аймақтың маңызды iс-шараларының бiрi болып табылады. Фестиваль — бұл тек тиiмдi концерттiк және диалогтық аймақ қана емес, сонымен қатар халықтық әндердi кеңiнен таныту әдiсi, келiсiм идеяларын және қоғамдағы өзара түсiнiстiктi насихаттау, рухани байлық, кәсiбилiк және орындау шеберлiгi. Ол меймандарды қазақ халқының музыкасының шығу тегiмен таныстыра отырып, әр аймақтан жиналған әншiлердiң арасында достық қарым-қатынастың орнауына, кәсiби және мәдени байланыс орнатуға ықпал етедi. Фестивальдың гала-концертi алдында журналистерге арналған баспасөз-конференциясы өтiп, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрiбаева аталған шараны ұйымдастырудағы мақсаттарына тоқталды. Фестиваль барысында халыққа танылмай келген сал-серiлердiң жаңа әндерi де шырқалады. Олардың зерттелу барысы жайлы да мағлұмат берiледi. Фестивальға Үкiлi Ыбырайдың немере жиенi Беркiмбек Зарапұлы арнайы келдi. Аты елге жайылған атасының есiмi ұлықталып, шығармалары насихатталып жатқанына ризашылығын бiлдiрдi. Конференцияға қатысқан әдебиетшi Сәбит Жәмбек, жыршы Жұмабай Есекеев әндердiң шығу тарихына тоқталып, публицист Әлия Ахетова халықтық әндердiң бала тәрбиесiндегi рөлi туралы айтты. Екi күнге жалғасқан фестиваль барысында көкшелiк көрермен мен меймандар дәстүрлi әндерден сусындап, бiр жасап қалды. Әншiлер қыркүйектiң 12-i күнi халқымыздың бiртуар ұлы ақыны Үкiлi Ыбырайдың елiнде, Айыртау ауданындағы мәдениет үйiнде өнер көрсеттi. Фестиваль жайында толық материалды газеттiң алдағы санынан оқитын боласыздар.

Мақаланың шыққан күні: 19.09.2017
Қаралым саны: 518

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?