Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-1 °C
2019 ж. қазанның 22
Болашақтың жарқын бағыты

Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстанды жаңа кезеңдер мен жарқын бастамаларға бағыттайтын құнды құжат. Онда Елбасы ХХI ғасырдағы ұлттық сана туралы көзқарасын ортаға салып, тұтас қоғамның және әрбiр қазақстандықтың санасын жаңғыртудың алты бағытын атап өттi.

«Тәрбие және бiлiм» бағыты бойынша өңiрде «Менiң Отаным-Қазақстан» жас туристер облыстық слетi, «Алтын қазына» декоративтiк және қолданабалы өнерден облыстық көрме-конкурсы, «Жалғыз болу мiндет емес» мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған жобалар сияқты шаралар атқарылды. «Менiң Отаным — Қазақстан» атты республикалық туристiк экспедиция ұйымдастырылды. Аталған жобалардың жүзеге асырылуына 22 мың адам үлес қосты. Облыстың бiлiм саласында жыл аяғына дейiн 8 жоба жүзеге асырылмақшы. Бұдан бөлек «Жастардың демалыс саябағы» жобасына 56 миллион теңге бөлiнiп, жаңғырту жұмыстары басталды.

«Ұлттық құндылықтар — ел бiрлiгi» бағыты бойынша бiрнеше жобалар жүзеге асырылуда. «Жас тұлпар» әдеби жобасы, «Тәуелсiздiк жылдарындағы Көкшетаудың тарихы»: «Ауылым- алтын тұғырым» фотосуреттер,құжаттар арқылы еске алулар, «Жас ғабдуллиншiлдер» клубының республикалық слетi, «Алаштың алтын шаңырағы» этнофестиваль,«Жалғыз болу мiндет емес» мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған жобалары бар. Жергiлiктi меценаттардың көмегiмен сакральдiк сипаттағы нысан Уәли ханның мазарын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Облыстық өлкетану музейiнiң экспонаттары толықтырылып, ЗD форматында жаңартылды. Арнайы «Киелi жерлер географиясы» жобасын iске асыру бойынша аймақтың киелi жерлерiнiң альбомы шығарылды. Өңiрдегi киелi орындардың материалдары жиналып, республикалық «Киелi Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығына жiберiлдi. «Атамекен» бағдарламасы шеңберiнде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен аймақта «Қайырымды ел Ақмола» жобасы жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың қыркүйегiне дейiн 382 қайрымдылық шаралары өткiзiлiп, 148 млн 694 мың теңге қаражат жиналды. 457 отбасына,1336 мүгедектер мен қарт адамдарға,565 сырқат балаларға материалдық көмек көрсетiлдi. Өңiрде 848 меценат, 69 ұйым қайырымдылықпен айналысуда.

Өңiрде «Жаңғыру — жаңа биiктердiң бастауы» атты 8 инфрақұрылымдық жоба басталды. «Қазақстанның 100 танымал тұлғалар» жобасына үмiткерлердi тiркеу жұмыстары басталды.Тiркелген 179 тұлғалардың iшiнен «100 esim el kz» дауыс беру жүйесiмен Ақмола облысынан 19 тұлға ұсынылды. Ағымдағы жылдың 18 қазанында «100 esim el kz» сайтында аймақтардың үмiткерлерiне дауыс беру басталды.

Президенттiң «Болашаққа бағдар:қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын жан жақты түсiндiру мақсатында арнайы сарапшылар, журналистер және блогерлер шақырылып, семинарлар, кездесулер өткiзiлдi. Облыстық «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасында танымал тұлғалар жөнiнде «Сәттiлiктiң 1001 тарихы», «Жәдiгерлер жаңғырығы», «Сахна сиқыры», «Көкше қаламгерi», «Сап түзе»,«Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» арнайы жобалары бастау алды. Облыстық телеарнада әлеуметтiк желiлерде, Көкшетау қаласының Led-экрандарында 5 тақырыптық бейнероликтер дайындалды. Әлеуметтiк желiлерде «Ақмола облысының рухани жаңғыруы», «Киелi жерлер географиясы», «Ұлы даланың жаңа есiмдерi», «Мәдениет жанашыры», «Көкшетау қаласының қоғамдық келiсiм кеңесi» беттерi жүргiзiлуде. Бейнехостингте Ақмола облысының рухани жаңғыруы «Youtub.com» арнасы ашылды. Жалпы алғанда, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында 7720 материал жарияланды. Тақырыптық банерлердi визуалды ресiмдеу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Аймақта 80-нен астам билборд,120-дан аса баннерлер, 35 брэндмауэрлер орнатылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарын жұмылдыруға ерекше мән берiп отырмыз. «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы 34 580 адамды қамтитын әр түрлi форматтағы 372-ден аса iс-шаралар өткiздi. «Қазақстан коммунистiк халық партиясы», «Ақжол» партиясының облыстық филиалдары 6 iс-шара ұйымдастырды. 2017 жылы «Ел бiрлiгi» қоғамдық бiрлестiгi әлеуметтiк тапсырыс аясында дөңгелек үстелдер, Ел Президентi Нұрсұлан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру — ұлтты ұйыстыратын ұлы құндылық» ғылыми-практикалық конференциясын талқылау бойынша кездесулер ұйымдастырды. Ең бастысы, аталған бағдарламаға тұрғындар қолдау көрсетуде, олар осы жұмыстардың мазмұнын түсiнiп, атқарушы органдармен бiрлесiп жұмыстар атқаруда.

Бiздiң байтақ Отанымыздың өзiндiк өзгешелiктерi және құндылықтары тек өзiмiзге тән. Бүгiнгi Осы жоспарларға сай туризм, дене тәрбиесi, мәдениет және спорт, мұрағаттау және құжаттандыру, кәсiпкерлiк және өнеркәсiптi қолдау, тiлдердi дамыту басқармалары базалық бағдарламаның бағыттары бойынша ұсыныстарын бiлдiрсе деймiз. Әрi тың жобаларды қолдап, ынталандыру жұмыстарын күшейтсек, Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы айқындалған мiндеттердi орындауға қол жеткiземiз.

Жаңа жаһандық үрдiстер ешкiмнен сұрамай, есiк қақпастан бiрден төрге озды. Сондықтан заманға сәйкес жаңғыру мiндетi барлық мемлекеттердiң алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкiмдi күтiп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзi сияқты жалғаса беретiн процесс» деп тегiн айтқан жоқ. Жаңа жағдайға қарай бейiмделу, жаңғыру — уақыт талабы. Бастысы, табиғи болмысымыз бен ұлттық кодымызды сақтай бiлсек, болғаны. Ұлт Көшбасшысының бұл игi бастамасын қолдап-қорғау барша азаматтардың басты борышы дер едiк.

Еркiн ИСIМБАЕВ,
«Рухани жаңғыру» бағдарламалық өңiрлiк жобалық офисiнiң жетекшiсi,
қалалық мәслихаттың депутаты.

Мақаланың шыққан күні: 22.11.2017
Қаралым саны: 659

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?