Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 378.17
EUR | KZT 429.11
RUB | KZT 5.88
Көкшетау қ.
0 °C
2019 ж. наурыздың 22
Болашаққа – үміт, жастарға – сенім

Көкшетаудағы Неке сарайында Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин өңiрдегi көшбасшы жастармен жүздестi. Шараға жастар ұйымдарының белсендiлерi, жас отбасылар, жоғары оқу орындарының студенттерi, оқушылар қатысты.

Облыс басшысы Мәлiк Мырзалин жастарды қолдау мақсатында өңiрде жүзеге асырылып жатқан шараларға тоқталып өттi. «Менiң ойымша, бiздiң облыстың жастары өте белсендi. Қазiр аймағымызда жастар ұйымдары өз мiндеттерiн тиiсiнше орындап келедi. Өңiрде 150 мыңға тарта жастар тұрып жатыр. Оның жартысына жуығы ауылдық жерлерде. Облыста жас-тарды қолдау үшiн жасалып жатқан игi iстер аз емес. Былтыр 1400 ақмолалық жастар республикалық грант иегерi атанды. Оның 500-i техникалық мамандықтарға оқып жатыр. Сiздерге оқуда да, жұмыста да жастарға қажеттi барлық жағдай жасалған. Соңғы екi жылда облыстық бюджеттен сұранысқа ие мамандықтарға қосымша бiлiм беру гранттары бөлiнуде. Өткен жылы 275 студент облыс әкiмiнiң шәкiртақысына ие болды. «7-20-25» бағдарламасы арқылы баспаналы болғандардың 70 пайызы жас отбасылар. Жастар жылына орай биыл «Ақмола жастары» бағдарламасы аясында Көкшетауда 6 көппәтерлi үй салынады», — дедi Мәлiк Мырзалин.

Кездесудi ашық сұхбат алаңына айналдырған өңiр басшысы жастарды кезек күттiрмейтiн пiкiрлерiмен тұшымды ойларын ашық айтуға шақырды. Ақмола облысы бойынша «Жас сарбаз» қозғалысының төрағасы Орынбек Сағидолла әскери-патриоттық клубтар мен сыныптардың жұмысын жандандыру барынша қолдауды қажет ететiнiн алға тартты: — Жастар жылының салтанатты түрде ашылу кезiнде Елбасы «Жас сарбаз» қозғалысының негiзiнде 2025 жылға дейiн, әскери-патриоттық тәрбие беру бағдарламасын әзiрлеудi тапсырған болатын. Қазiргi кезде облысымызда 15 Жас сарбаз сыныбы мен 27 әскери-патриоттық клубы жұмыс iстеуде. Тәрбиеленушiлердiң саны 1147-ге жетiп отыр. Осы ретте, «Жас сарбаз» патриоттық клубы мен сыныптардың жұмысын жүйелi жолға қою үшiн қаржылай көмек көрсетiлсе екен.

Атбасар ауданының Покровка ауылында тұратын жас кәсiпкер Тимур Сәрсенбаев ақылы оқуға түскенiмен, екiншi курста облыс әкiмiнiң грантын жеңiп алған. «Кәсiпкерлiктi бастауыма «Бас-тау-бизнес» жобасы жол ашты. Жобам 2017 жылы елiмiздегi үздiк бизнес-жобалардың отыздығына ендi. Мақсатым — ет-сүт өнiмдерiн көбейту. Бұдан бөлек жемшөп да-

йындаумен де айналысамыз. Табиғи ет өнiмiн көбейту мақсатында шаруашылықта экоферма жобасын қолға алдық», — дейдi ол.

Үш тiлдi еркiн меңгерген Назарбаев интеллектуалды мектебiнiң 12 сынып оқушысы Айым Күшенова былтыр Америка үкiметiнiң арнайы грантына ие болып, «FLEX» бағдарламасы бойынша АҚШ-та бiр жыл тегiн оқу мүмкiндiгiне ие болған. «Ең бастысы, алға нақты мақсат қоя бiлу керек. АҚШ-та ерiктiлер қозғалысына қатыстым. Ол жақта мұндай қозғалыстарға жастардан гөрi егде адамдар мен кiшкентай балалардың көп қатысатыны таңдандырды. Үлкендер қоғам игiлiгi үшiн уақыттары мен күш-жiгерлерiн аямайды. Америкалықтар елiмiздi Елбасымыз, Геннадий Головкин арқылы таниды екен және алманың отаны деп бiледi. Бұл менi қуантты. Ондағы тұрғындар ашық пiкiрлеседi, әрi үнемi жайдары жүретiнi қызықтырды менi», — дейдi Айым Күшенова.

Кездесуде жұбайымен бес бала тәрбиелеп отырған жас ана Әсемгүл Қалижанованы көрермендер жылы қабылдады. Ол өз сөзiнде елiмiзде көпбалалы аналарды қолдау үшiн жаңа әлеуметтiк бас-тама қолға алынып жатқанына ризашылығын бiлдiрдi: «Бiрер жыл бұрын мемлекеттiк тұрғын үй бағдарламасына қатысып, несиеге үш бөлмелi пәтер сатып алып, өзiмiздiң балаларымызға жайлы жағдай жасай алдық. Қазiргi күнi басымызда баспанамыз, тұрақты жұмысымыз болғандықтан, болашаққа деген сенiмiмiз де зор».

«Worldskills Kazakhstan-2018» 4-шi ұлттық чемпионатының алтын медаль иегерi, Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледждiң 3-шi курс студентi Максим Соколов, «Zhasproject» жастар корпусын дамыту бойынша жобаның өңiрлiк үйлестiрушiсi Тимур Ысқақов, облыс орталығындағы IТ мектеп-лицейiнiң 10-шы сынып оқушысы, мұғалiмдер үшiн тестiлеу сайтының авторы Жанарыс Сайранбеков, «Мәңгiлiк ел жастары — индустрияға!» жобасына қатысушы Әдiлет Құрманбек, «Шаңырақ» агроөнеркәсiптiк холдингiнiң басшысы Индира Сәденова өз салаларында жеткен табыстарымен бөлiстi.

Кездесуде жастар әлеуметтiк мәселелердi де бiрауыздан көтердi. Олар өңiрде спорт кешендерiн ашу, көпшiлiк демалатын орындарды көбейту, кәсiпкерлiктi дамыту, студенттер жолақысына қатысты сауалдар болды. Жас-тарды өңiр басшысының жұмыс кестесi, әлеуметтiк желiдегi пiкiрлерi, қандай кiтап оқитыны да қызықтырды. «Рух-Алдаспан» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Мерген Тоқсанбай облысқа музыка мектебi, балаларға домбыра үйрететiн орталықтар керектiгiн айтты. Сондай-ақ, Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт мектебiне қысқы жаттығуларға ыңғайлы болуы үшiн көп функционалды манеж салынса деген өтiнiшiн жеткiздi. Өңiр басшысы барлық көтерiлген мәселелерге тұшымды жауаптар бердi.

Шара соңында әр салада жетiстiкке жеткен жастар арнайы марапаттарға ие болды. Өңiр басшысы жаңадан құрылып жатқан «El jastar» театрына қолдау ретiнде

1 миллион теңгенiң сертификатын табыс еттi.

Мақаланың шыққан күні: 13.03.2019
Қаралым саны: 36

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?