Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 360.12
EUR | KZT 409.67
RUB | KZT 5.33
Көкшетау қ.
11 °C
2018 ж. тамыздың 19
Бокс саңлағымен кездесті

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев бокстан WBC CISBB Silver нұсқасы бойынша чемпион Ержан Залиловпен кездестi.

Қала басшысы спортшыны бокстағы жеңiсiмен және 25 жасқа толған туған күнiмен құттықтап, естелiк сый-сияпат тарту еттi. Бұдан әрi жаттығулар мен кездесулер, спорт әлемiнiң айшықтары жайлы әдемi әңгiме өрбiдi. Е.Залилов былғары қолғап шеберлерiнiң спорт саласындағы еңбектерi, алдағы жоспарларымен бөлiстi. Бiрiншi жартылай жеңiл салмақтағы титулды жекпе-жекте Ержан Залилов қарсыласы Айдын Елжановтан басым түсiп, жеңiске қол жеткiзген болатын. Бүгiнде боксшы Ержан Залилов кәсiби бокс рингiнде iрi жетiстiкке қол жеткiзген тұңғыш жерлесiмiз. Спортшы 11 жекпе-жектiң 10-ын жеңiспен, 1-уiн тең аяқтады.

Мақаланың шыққан күні: 02.02.2018
Қаралым саны: 451
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика