Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.34
EUR | KZT 428.44
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
13 °C
2019 ж. қыркүйектiң 19
Көрікті қала көңіл өсіреді

Облыс әкiмi Көкшетаудағы «Собачий хутор» атанып кеткен шағын ауданда абаттандыру жұмыстарымен танысты. Соңғы уақытта аталмыш аумақта тұратын көкшетаулықтар тарапынан жол сапасына қатысты жиi мəселе көтерiлiп келедi. Облыс орталығында М.Ғабдуллин көшесiн қалпына келтiру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Аталмыш көше Абылайхан даңғылы жəне Əуезов көшесiмен түйiсетiн болады.

«Көпiр салу үшiн қаражат бөлдiк. Көпiрдiң құрылысымен қоса, оның маңы да абаттандырылатын болады. Биылғы жылы қаланың iргесiндегi Краснояр, Станционный жəне «Бiрлiк» мөлтек аудандарындағы көшелер жөнделдi. Келер жылы Тəшенов көшесi бойына құм аралас қиыршық тас төсеу көзделген»,– деп атап өттi қала әкiмi Е.Маржықпаев. Аталған аумақты дамыту жоспарларымен танысқан аймақ басшысы жобаға инженерлiк желiлердi жөндеу, көшелердi жарықтандыру жəне жол құрылысы сияқты жұмыстарды енгiзудi тапсырды. «Бұл ауданда ең бастысы сəулет-кеңiстiк бойынша дұрыс шешiм шығарып барып қана жолға, инженерлiк желiлерге күрделi жөндеу жұмыстарын бастау қажет», — дедi аймақ басшысы.

Облыс әкiмiнiң баспасөз қызметi.

Мақаланың шыққан күні: 12.12.2017
Қаралым саны: 1008

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?