Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Білімдерін сынға салды

Мемлекеттiк органдар арасында «Қазақстанның қазiргi заманғы мемлекеттiк қызметi: мемлекеттiк қызметтi түрлендiрген 15 қадам» тақырыбында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлiк ойыны өткiзiлдi.

Ойынның мақсаты — мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық жағдайы мен мемлекеттiк қызметтегi шектеулер мәселелерiн ашу, қабiлеттер мен кәсiби дайындық деңгейiне сәйкес мемлекеттiк қызметтен өту мүмкiндiктерiн көрсету, оның қолжетiмдiлiгi мен имиджiн арттыру. Сайысқа Ақмола облысы бойынша сот әкiмшiлiгiнiң «Әдiл сот», Ақмола облысы әкiмi аппаратының «Қайратты жүректер», Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының «CIVITAS», Ақмола облысы iшкi iстер департаментiнiң «Жалын», облыстық мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң «Қайнаркөз», облыстық қазынашылық департаментiнiң «Қазына», Ақмола облысының қоршаған ортаны қорғау департаментiнiң «Бiрлiк», облыстық әдiлет департаментiнiң «Әдiлет», облыстық бiлiм басқармасының «Бiлiм» топтары қатысты. Әр топ өздерiнiң ұйымшылдығы мен бiлiктiлiгiн көрсетуге талпынды. Бағалау нәтижелерi бойынша бiрiншi орынды Ақмола облысы әкiмi аппаратының «Қайратты жүректер» тобы жеңiп алды. Ақмола облысы бойынша сот әкiмшiлiгiнiң «Әдiл сот» тобы екiншi, Ақмола облысының Қоршаған ортаны қорғау департаментiнiң «Бiрлiк» тобы үшiншi орынға ие болды.

Мақаланың шыққан күні: 25.06.2018
Қаралым саны: 297

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?