Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Білім сапасы сыналар шақ

Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары Алтынай Әмiренованың қатысуымен қалалық бiлiм бөлiмiнiң 2017 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2018 жылдың мiндеттерiне арналған алқа мәжiлiсi өттi.

Алғаш рет онлайн форматында өткен алқалы жиында алдымен сөз алған қалалық бiлiм бөлiмiнiң жетекшiсi Бейбiт Жүсiпов мемлекет тарапынан бiлiм саласына көп көмек көрсетiлiп жатқанын, осы ретте қала мектептерiнiң бiлiм сапасы жоғары деңгейде болуы тиiс екендiгiн атап өттi. Жиында бiлiм бөлiмiнiң өткен жылғы жұмыс қорытындылары, биылғы жылға қойылған мiндеттерi сарапталды. Былтыр бiлiм беру мекемелерiнiң жөндеу жұмыстарына 200 миллион теңге бөлiнсе, биыл күрделi жөндеу мен мектептердi осы заманға сай оқу кабинеттерiмен жабдықтауға бөлiнген қаражат көлемi 426 миллион теңгеге артып отыр. Биыл қала бойынша мектептердi оқулықпен қамтуға 213,6 миллион теңге, ауызсумен қамтуға 22,7 миллион теңге, 1 сынып оқушыларын тегiн тамақпен қамтуға 90 миллион теңге бөлiнген.

Келтiрiлген мәлiметтерге жүгiнсек, өткен оқу жылында мектептердегi бiлiм беру сапасы 60,9 пайызды құрады. Соңғы үш жылда №1, 5, 7 мектептер тұрақты бiлiм көрсеткiшiн байқатып отыр. №3, 6, 17, 4, 18 мектептерде iлгерiлеушiлiк байқалады. Бiлiм сапасы сыналар шақ жақын. Әрбiр тест сайын оқушылардың жеке пәндер бо-йынша бiлiм сапалары зерделенiп отырады. «Алтын белгi», «Ерекше үлгiдегi» аттестатқа үмiткерлер ерекше назарға алынған. Дегенмен бiлiм сапасы төмен мектептер де аз емес. Бұл мектеп ұстаздары мен оқушыларды, олардың ата-аналарын ойландыруы тиiс. — Жыл сайын мектептердiң материалдық-техникалық базасы жақсара түсуде. Ұстаздар тек оқушыларға сапалы бiлiм берiп, олардың тәрбиесiне баса көңiл бөлуi керек. Ал, мектеп басшылары мектептегi жұмысты ұтымды ұйымдастырып, ұстаздарға дұрыс бағыт-бағдар беруi тиiс, — дедi бiлiм бөлiмiнiң басшысы.

Үш ауысымды мектептер мәсе-лесiн шешу мақсатында №18 орта мектептiң 420 орындық қосымша ғимараты биыл пайдалануға берiледi. Сондай-ақ, №13 мектеп-гимназиясында, №1, №4 орта мектептерiнде қосымша ғимарат құрылыстарын салудың жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда. Мемлекеттiк тiл мәселесiн балабақша мен мектептерден, яғни сөйлеу ортасын қазақыландырудан бастау — ең басты шешушi мәселеге айналып отыр. Бiлiм ордаларының табалдырығын аттап жатқан қазақ балаларының саны жыл санап еселеп артып келедi. Қалада жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 3-уi мемлекеттiк тiлде бiлiм бередi, 21-i аралас мектептер. Қаладағы оқыту тiлi аралас мектептерде мемлекеттiк тiлде оқытатын сыныптардың оқу сапасы 2 пайыздан 7 пайызға дейiн жоғарылаған. Аралас мектептердегi қазақ сыныптарының саны көбеюде. Мұндай өсiм жақын болашақта жаңа мектептердiң қажеттiлiгiн тудыратыны айтпаса да түсiнiктi. Қазақ мектебi дегенiмiз — тек қазақ тiлiнiң ғана емес, бұл өмiр сүрiп отырған қазақ елiнiң тағдырымен байланыс-ты үлкен мәселе. Бұл жас ұрпақтың ертеңiне жол ашады. Бiр қуантарлығы, биыл «Сарыарқа» мөлтек ауданында ашылатын 900 орындық жаңа бiлiм ордасы мен Красный Яр бағытында салынып жатқан 220 орындық мектеп мемлекеттiк тiлде оқытатын болады. Сондай-ақ, қаладағы №19, №22 орта мектептер кезең-кезеңiмен мемлекеттiк тiлде бiлiм беретiн мектептер қатарына кiретiнiн мәлiмдедi бiлiм бөлiмiнiң мамандары.

Екi сағат уақытқа созылған мәжiлiсте бiлiм беру саласындағы мұғалiмдер мәртебесi, жаңартылған бiлiм беру жүйесi туралы да ой қозғалды. Қалада 1265 педагог бiлiм берудiң жаңартылған бағдарламасы бойынша бiлiм беруде. 628 мұғалiм арнайы курстан өткен. Үштiлдiлiктi дамыту мақсатындағы жұмыстар атқарыла бередi. №1, 5, 6, 17 орта мектептерде үш тiлде бiлiм берудiң пилоттық жобасы iске асырылуда. №3 мектеп-гимназиясында информатика, физика, математика, биология пәндерi ағылшын тiлiнде өтуде.

Мәжiлiстi қорытындылаған қала әкiмiнiң орынбасары Алтынай Әмiренова ҰБТ алдында барлық ұйымдастыру шараларын жолға қоюды алға тартты. Әсiресе, өте төмен бiлiм сапасын көрсетiп, өз iсiне жауапсыздық танытып жүрген мектептер ендiгi жерде оқу сапасын талдап, талқылау қажет. «Ұстаздар қауымы өз жұмыстарын ширатулары керек. Ал, мектеп директорлары, сiздерден сұраныс артатын болады», — деген А.Әмiренова бiлiм бөлiмiнiң жұмысына алда да көмек көрсетiлiп, назарда болатынын жеткiздi.

Әсем ЖҮНIС.

Мақаланың шыққан күні: 12.02.2018
Қаралым саны: 446
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2018 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро