Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.34
EUR | KZT 428.44
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
13 °C
2019 ж. қыркүйектiң 19
Білім – басты бағыт

Елбасы Жолдауындағы қойылған мiндеттер мен негiзгi басымдықтарды түсiндiру мақсатында ҚР Әдiлет министрi Марат Бекетаев Көкшетауда болды.

Өңiрдегi жұмыс сапары А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнен басталды. Заң факультетiнiң оқытушылары және студенттерiмен кездесу барысында Елбасы Жолдауы аясындағы әлеуметтiк және жастар саясаты мәселелерi талқыланды. — Жолдауда Елбасымыз 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды және жан-жақты әлеуметтiк қолдауды ұсынды. Бұл бастама қазақстандық әрбiр жастың көңiлiне қуаныш ұялатты. Сонымен қатар, Елбасы Үкiметке жастардың бiлiм алуына ерекше назар аударуды тапсырды. Әсiресе, жоғары оқу орындарының бiлiм сапасы, түлектердiң жұмыспен қамтылуы басты назарда болуы тиiс. Себебi бiлiмдi жас сапалы маман болып қалыптасары сөзсiз, — дедi министр өз сөзiнде. Сапар барысында министр әдiлет департаментiнде Ақмола облысының адвокаттарымен, нотариустарымен және сот орындаушыларымен кездесу өткiздi. Оның барысында адвокаттық қызмет, нотариат және жеке сот орындау институттарының алдағы даму мәселелерiн сөз еттi. Сондай-ақ, қабылданған заң жобаларының нәтижелерiмен бөлiстi. Министрдiң айтуынша, «Адвокаттық қызмет және заңдық көмек туралы» Заң қабылданған уақыттан бастап адвокаттар саны 250 адамға өстi.

Кездесу соңында қатысушылар министрге өздерiн толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пiкiрлерiн жеткiздi.

Мақаланың шыққан күні: 19.10.2018
Қаралым саны: 351

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?