Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Барлық өтініш – назарда

Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Ғалымжан Көпiшев №1 орта мектепте тұрғындар алдында есеп бердi.

Жиналған көпшiлiк алдында халық қалаулысы қала көлемiнде және өз сайлау округi бойынша соңғы он ай iшiнде атқарылған жұмыс бойынша баяндама жасады. Ол өз сөзiнде мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны — сессия екендiгiн тiлге тиек етiп, биыл өткiзiлген 8 сессияда қала үшiн маңызды қаулылар мен шешiмдер шығарылғанын атап өттi. Онда 40-қа жуық мәселе қаралған. Өз атынан бес депутаттық сауал жолдаған. Былтыр депутаттың ұсынысымен қалада 8 аула абаттандырылып, спорттық және балалар ойын алаңдары орнатылды. Биыл да аталған жұмыс жалғасын табуда. Қала бойынша 57 аулаға күрделi жөндеу жүргiзiлдi. Сондай-ақ 22 ойын, 7 спорттық алаң орнатылды. Депутаттың ықпал етуiмен Есенберлин көшесi, 1, Горький көшесi, 67 мекен жайларына спорт және балалар ойын алаңы орнатылған. Сондай-ақ халық қалаулысы «Ардагерлердi ардақтайық», «Мектепке жол», «Бақытты балалық», «Кедергiсiз келешек» сияқты республикалық жобаларға белсене қатысуда. Жыл басынан берi 500 мың теңге көлемiнде қайырымдылық көмек көрсетiлген.

Мақаланың шыққан күні: 07.12.2017
Қаралым саны: 224
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро