Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Бәрі де халық игілігі үшін

Мәдениет — адамзат жасаған және жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы. Бұл орайда мәдениет мекемелерiнiң басты мақсаты — мәдени iс-шараларды ұйымдастыру арқылы рухани құндылықтарды нығайту.

Бүгiнгi күнi қалалық мәдениет мекемелерiнiң жұмысы мемлекеттiк және ұлттық мерекелердi, бұқаралық iс-шараларды, фестивальдарды, шоу-бағдарламаларды кәсiби ұйымдастыру және биiк деңгейде өткiзумен сипатталатын, қалыптасқан мәдени орталықтың жаңа модельдiк желiсi iспеттес. Қаланың мәдени өмiрiнде басты рөл — «Дос-тар» мәдениет сарайына тиесiлi. Онда 15 шығармашыл қызметкер еңбек етедi. Оның iшiнде көркем ұйымдастырушы, «Мәдениет қайраткерi» Тамара Малько, бос уақытты ұйымдастыру бөлiмiнiң меңгерушiсi Сәуле Ысқақова, әдiстемелiк бөлiмнiң меңгерушiсi Бейбiт Кешу, халық шығармашылығының меңгерушiсi Екатерина Ивашененконы ерекше атап өткен жөн.

Қалалық кiтапханалар желiсiнiң үйлесiмдi жұмысы бос уақытты, коммуникативтiк, ақпараттық-ағартушылық қызметтi сапалы ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Тұрғындарға жаңа ақпараттық ресурсты пайдалануға қарапайым жағдай жасайды.

2014 жылы Станционный қалалық кiтапханасының меңгерушiсi Валентина Грошикова Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет грамотасымен, қалалық ақпараттық-кiтапханалар желiсi директорының орынбасары Ләйлә Сейiтова «Қазақстан Республикасы Ұлттық кiтапханасы және кiтапханашылар ассоцациясының ардагерi» медалiмен марапатталды. Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi жанында тiлдердi оқыту орталығы да өз жетiстiктерiмен танымал. Ересектерге мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiн оқыту және қала бойынша тiлдердi дамыту бағытында жұмысты жандандыруға зор үлестерiн қосуда.

Биылғы жылы елiмiз үшiн атаулы және ауқымды мерекелер көп болды. Атап айтсақ, Ұлыстың ұлы күнi — Наурыз Тәуелсiздiк алаңында кең ауқымда мыңдаған халықтың қатысуымен аталып өттi. Алаң мерекеге сай безендiрiлiп, радиогазеттен елiмiздiң жетiстiктерi, салт-дәстүрлерi, татулығы мен ынтымағы туралы баяндама оқылды. Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин жиналған қауымды жылы сөздерiмен құттықтады. Көкшетаулықтар ұлттық спорт ойындарын тамашалап, түрлi қойылымның куәсi болды. Наурыз мерекесiн тойлауға келген көпшiлiк 8 бөлiмнен тұратын театрландырылған қойылымдарды тамашалады. Олардың әрқайсысының өзiндiк мән-мағынасы бар. Бiрiнде қазақи салт-дәстүрлер көрсетiлсе, келесiнде елiмiздегi халықтар достастығы сипатталды.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерiнiң 25 жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары», «Қуатты Қазақстан — баянды болашақ» қалалық ұлттық шығармашылық байқауына қаламыздың 92 кәсiпорны, мекемелер мен оқу орындарынан 15500 адам қатысты. 9 мамыр күнi елiмiз Ұлы мереке — Жеңiстiң 72 жылдығын тойлады. Бiз үшiн бұл күн ерекше маңызға толы. Осы шараны кең көлемде атап өтуге белсене ат салыстық. Тарихи ұрпақ жалғастырушылығын сақтап, өткен шаққа ұқыпты қарауға орай рухани-адамгершiлiк және азаматтық-патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында «Даңқ» аллеясында «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңiс!» митингiсiн өткiздiк. «Жетiстiк, салтанат, мейрам!» атты театрландырылған қойылымның концерттiк бағдарламасын да бiздiң мамандарымыз дайындады. Он кезеңнен құралатын «Мәңгiлiк естен кетпес отты жылдар!» театрландырылған көрiнiсi көрсетiлдi. Алаңда соғыс жылдарындағы оқиғаларға жақындатылған әскери көрiнiс қойылды. Аталған iс-шараға қатысушылар саны 1400 адамды құрады, бұл: Көкшетау қаласының шығармашылық ұжымдары, Ақмола облысы iшкi iстер департаментiнiң солистерi, әскери-патриоттық әндер конкурсының жеңiмпаздары, Көкшетау техникалық институтының курсанттары, №5510 әскери бөлiмнiң сарбаздары, жоғары және орта оқу орындарының студенттерi және қаламыздың орта мектептерiнiң оқушылары.

Бiз атқаратын жұмыстар қысы-жазы бiр толастамайды. Басты мақсатымыз — мерекелiк шараларды өз деңгейiнде ұйымдастырып, халықтың көңiлiнен шығу. Бұл жолда алдағы уақытта та аянбай еңбек ете беремiз.

Мақаланың шыққан күні: 18.05.2017
Қаралым саны: 287
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро