Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
«Балдәурен» балалардың көңілінен шықты

Оқушылардың биылғы жазғы демалысында М.Ғабдуллин атындағы №3 көптiлде оқытатын мектеп-гимназиясында «Балдәурен» жазғы демалыс мектеп алаңы жұмыс iстедi. Онда 100 бала қабылданып, 4 топ болды. Лагерьде тәрбиешiлер, медбике, психолог, дене шынықтыру жаттықтырушысы, домбыра, қолөнер, ағылшын тiлi үйiрме жетекшiлерi, аспазшылар,тазалықшылар қызмет атқарды. Күнделiктi психологиялық жаттығу, тренингтер, дәрiгердiң кеңестерi жоспарлы түрде өткiзiлдi. Жұмыс атқару үшiн 6 бөлме, теледидар, аудио аппаратура, компьютерлер, әртүрлi спорт құралдары бөлiндi. Балалар «ЭКСПО -2017» халықаралық мамандандырылған көрмесi аясында, Халықаралық балаларды қорғау күнiне орай әдебиет және өнер музейi ұйымдастырған «Бiз бақытты баламыз» атты балғын суретшiлер сайысына қатысып, жүлделi орындарға ие болды.

«Балдырған» тобында З.Махметова, Т.Хасенова, «Зерек» тобында С.Нұрқанова, Л.Ахметова, «Мұрагер» тобында Д.Сайлыбаева, Д.Өмiртаева, «Ұлан» тобында Р.Сайлаубекова, А.Қабдөшева сияқты тәрбиешiлер оқушылармен белсене жұмыс iстедi. Бiрiншi кезеңде әлеуметтiк жағдайы төмен 34 бала тегiн ыстық тамақпен қамтылды. Топтар өз жұмыстарын жоспарлы түрде өткiздi. Мектеп алаңы қаладағы әртүрлi мекемелермен тығыз байланыста жұмыс атқарды: «Бурабай» спорт сарайына аптасына 3 рет бассейнге, «Синема Әлем» кинотеатрына, мұражайларға, қалалық балалар кiтапханасына, орталық алаңға саяхаттарға барды. Балалар өз өнерлерiн көрсетiп, белсендiлiк танытатын ойын-сауықтар, спорттық, танымдық, интеллектуалдық iс-шараларға белсендi қатысты. Мысалы: «Бантиктер күнi», «Салт-дәстүрлердi бiлейiк!», «Мемлекеттiк рәмiздер күнi», «Кiм тапқыр!», «Музовидение» бағдарламалары ұйымшылдықпен өттi. Ағылшын тiлi, домбыра, қолөнер үйiрме жұмыстары жоспар бойынша өтiп отырды. Демалыс алаңындағы атаулы мерекелiк күндер балалардың көңiлiнен шықты. 16 маусымда «Ән көңiлдiң ажары» және «Көкшетау-туған қалам» атты мерекелiк концертпен I-шi кезеңнiң жабылу кешi өткiзiлiп,балаларға сыйлықтар мен марапаттау қағаздары берiлдi.«Балдәурен» жазғы демалыс мектеп алаңының II кезеңi 19 маусымнан 30 маусымға дейiн жалғасты. 80 бала қабылданып, 3 топ жұмыс атқарды. Салтанатты ашылу рәсiмiнде балалар ән айтып, би билеп, өнерлерiн ортаға салды. Ағылшын тiлiнде балаларға арналған қойылым қойылды. “Good bye, my summer school!” атты концерт өттi. Қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Оқушылар концертте өз өнерлерiн көрсетiп, ағылшын, қазақ тiлдерiнде өлеңдер мен әндер айта отырып, би билеп, ағылшын тiлiнде «Snow White» сахналық қойылымын ұсынды. Демалыс алаңындағы әр күн атаулы күндермен аталып, қызықты да, тартымды өттi. Балалар өз өнерлерiн көрсетiп, белсендiлiк танытуға шақыратын ойын-сауықтар, спорттық, танымдық, интеллектуалдық iс-шараларға белсендi қатысты. Мысалы: «Қалпақтар күнi», «Ертегiлер әлемi», «Жас аспазшылар»,«Спорт–денсаулық кепiлi» «Good bye, my summer school!» бағдарламалары әсерлi өттi. Демалыс алаңындағы атаулы мерекелiк күндер балалардың көңiлiнен шықты. Күнделiктi психологиялық жаттығу, тренингтер, дәрiгердiң кеңестерi жоспарлы түрде өткiзiлдi. Жоспарлы шараларды толық көлемде атқару үшiн 6 бөлме, теледидар, аудио аппаратура, компьютерлер, әртүрлi спорт құралдары бөлiндi. Демалыс мектеп алаңында әлеуметтiк жағдайы төмен, ата-анасы мүгедек, жалғыз басты ата-аналар, көп балалы отбасы, толық емес жанұя, денсаулықтары нашар балалар бiрiншi қабылданды.

30 маусым күнi «Алақай, демалыс!» атты мерекелiк концертпен II кезеңнiң жабылу кешi өткiзiлiп, балаларға сыйлықтар мен марапаттау қағаздары табыс етiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 03.08.2017
Қаралым саны: 309
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро