Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-1 °C
2019 ж. қазанның 22
Балабақша ашу – ұтылмайтын іс

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк аясында балабақша ашуға ниет бiлдiрген кәсiпкерлермен кездестi.

Кездесу барысында әлеуметтiк маңызы мол жобамен айналысуға қызығушылық танытқан кәсiпкерлерге өздерiн толғандырған сауалдарын алға тартты. Елiмiздiң өзге өңiрiндегi бiздiң қалада да бүлдiршiндердi балабақшамен қамту өзектi мәселе болып тұрғаны рас. Кезек күткен бүлдiршiндер көп. Бiрер жылда оларды бюджет есебiнен балабақшамен қамту мүмкiн емес. Десек те жергiлiктi билiк бұл тұрғыдағы түйiткiлдi тарқатудың жолын кәсiпкерлермен бiрлесе жұмыс атқарудан тапты. Бұл iске бизнес өкiлдерiн көптеп тарту қажет екендiгiн айтады қала басшысы. Қазiр әлемнiң дамыған елдерiнде бұл тәжiрибе кеңiнен қолданылып келедi. Қазiрдiң өзiнде балабақша салуға ниеттi бiрнеше кәсiпкер табылып отыр. Тiптi олар бизнес-жоспарларын да әзiрлеп қойыпты. «Биыл да жаңа балабақшалар ашамыз деп ойлап отырмыз. Айталық, Красный Яр кентiнде үш жоба қолға алынғалы отыр. Жалпы жұмыс жүрiп жатыр, заң бiзге жақсы мүмкiндiктер берiп отыр»,–дедi қала әкiмi Е.Маржықпаев. Алайда, балабақша ашу оңай емес. «Кәсiпкердiң жекеменшiк немесе жалға алған ғимараты болып, ол санитарлық нормаларға сәйкес болу қажет. Тiзiм бойынша құжаттар дайындайды. Содан кейiн талапқа лайық болған жағдайда мемлекеттiк тапсырыс ала алады», — дейдi қалалық бiлiм бөлiмiнiң жетекшiсi Бейбiт Жүсiпов.

«Бизнестiк жол картасы — 2020» бағдарламасымен жекеменшiк балабақша ашамын деген азаматтар көп. Соған байланысты екiншi деңгейдегi банктерден адамдарға жылжымайтын мүлiк сатып алу, оны кеңейту және жабдықтар сатып алуға жеңiлдетiлген несие қарастырылған.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2018
Қаралым саны: 854

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?