Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарының технологиялық деңгейін бағалады

Бүгiн ҚР Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында iрi машина жасау кәсiпорны «Тыныс» АҚ-на барып, зауыттың ҚР Президентiнiң «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» Жолдауы аясында технологиялық жаңғырту жұмыстарын жүргiзуге арналған әлеуетiн бағалады.

Бақытжан Сағынтаев зауытты аралау барысында құбыр дайындап шығаратын цехты, өндiрiстiк желiлердi қарап шығып, өндiрiс технологиясымен, жабдықтармен, сондай-ақ осында шығарылатын өнiмдердiң көрмесiмен танысты.

«Тыныс» АҚ директоры Қайрат Қалманбаев ҚР Премьер-Министрiне зауыттың қызметi мен технологиялық жаңғырту жұмыстарын жүргiзу келешегi туралы ақпарат бердi. Оның айтуынша, кәсiпорынның техникалық мүмкiндiктерi және жұмысшылардың әлеуетi жаңа бағыттарды игеруге және нарықтың сұраныстарына шұғыл әрекет етуге мүмкiндiк бередi. Зауыт өндiрiстiк қуаттылығын ұлғайту мен шығаратын өнiмдерiнiң түрлерiн көбейтудi жалғастыруда.

Еске сала кетейiк, өнеркәсiптiк кәсiпорындарды технологиялық жаңғырту ҚР Президентiнiң «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» Жолдауында елiмiзде экономикалық өсiмнiң жаңа моделiн қалыптастырудың негiзгi бағыттарының бiрi ретiнде көрсетiлген. Жаңғырту жұмыстары өнiмдiлiктi ұлғайтуға және шығарылатын өнiмдердiң сапасын арттыруға бағытталған.

Анықтама:

«Тыныс» АҚ авиация өнiмдерiн, өрт сөндiру құралдарын, газiлмектi арматура, медтехникалар, полиэтилендi құбырлар, салмақ өлшеушi техникалар және т. б. шығарады. Зауыттың жөнге келтiрiлген өткiзу нарығы бар, олардың қатарында Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Украина бар.

«Тыныс» АҚ аралау аясында қонақтарға жүк автокөлiгi және шынжыр табанды техникаларды күрделi жөндеу қызметтерiн ұсынатын Қазақстанның iрi кәсiпорны «ҚИ — 811 Автожөндеу зауыты» АҚ шығарған арнайы әскери техника көрмесi ұсынылды.

Сілетеме

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2017
Қаралым саны: 409
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро