Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Көкшетауда Б. Сағынтаев Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылу барысын талқылады

Бүгiн ҚР Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы мен «Серпiн» әлеуметтiк жобасын iске асыру барысы жөнiнде кеңес өткiздi.

Шараға жергiлiктi атқарушы және орталық мемлекеттiк органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының өкiлдерi, мемлекеттiк бағдарламалар мен жобалардың қазiргi қатысушылары, сондай-ақ бизнес өкiлдерi қатысты.

Кездесу аясында Өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы мен «Серпiн» әлеуметтiк жобасын iске асыру мәселелерi, бизнес ортаны дамыту, шағын несиелендiру, кәсiби және техникалық бiлiм беру, сонымен қатар жұмыссыздарды оқыту мәселелерi қозғалды.

Аталған тақырыптар бойынша ҚР ұлттық экономика министрi Тимур Сүлейменов, ҚР бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев, ҚР ауыл шаруашылығы бiрiншi вице-министрi Қайрат Айтуғанов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Бiржан Нұрымбетов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев баяндамаларымен таныстырды.

Өз кезегiнде көтерiлген мәселелер бойынша жеке сектордың позициясын «Новопэк» ЖШС басқарушы директоры Айдар Жақыпов, «Бастау-Бизнес» жобасының қатысушысы Ольга Проскурина, Қатаркөл ауылының ауыл шаруашылығы колледжiнiң директоры Сергей Савельев, Щучинск қ. Экология және ауыл шаруашылығы колледжiнiң студентi Жарқынбек Амангелдиев, сондай-ақ «Серпiн» жобасының түлектерi Қасымжан Тұрғанбек пен бейнеконференцбайланыс режимiнде Мақсұт Сейiткамал ұсынды.

Қозғалған тақырыптар бойынша Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин, Павлодар облысының әкiмi Болат Бақауов, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов, Жамбыл облысының әкiмi Кәрiм Көкiрекбаев, Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Жансейiт Түймебаев, Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Әсем Нүсiпова және Қостанай облысы әкiмiнiң орынбасары Роза Кемалова түсiнiктеме берiп өттi.

Өз сөзiнде Бақытжан Сағынтаев қазiргi таңда Үкiмет жұмыс орындарын ашудың үлкен әлеуетiне ие жаңа индустрияларды, сервистiк экономиканы және туризм саласын дамытудан тұратын экономикалық өсiмнiң жаңа моделiн құру бойынша жұмыстар жүргiзiп жатқанын атап өттi. Әкiмдiктерге осы қызмет жолында көптеген жұмыстар атқарып, тұрақты жұмыс орындарын ашуға барынша көңiл бөлу керектiгi айтылды.

Iске асыру жұмыстары биыл басталған, Өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасының осы бағыттағы орны ерекше. Ол жұмысқа орналасуға көмек көрсету тетiктерiнен, жаңадан бастап жатқан кәсiпкерлерге қолдау көрсету құралдарынан, сондай-ақ қысқамерзiмдi кәсiби оқыту курстарынан тұрады.

Қатысушылар шара барысында пiкiр алмасып, қолданыстағы Жұмыспен қамту бағдарламасын жетiлдiру туралы ұсыныстарын айтты. Кеңес қорытындысын шығара отырып, ҚР Премьер-Министрi бағдарлама тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында тиiстi шешiмдердi қабылдау үшiн мемлекеттiк органдарға 10 күн iшiнде аталған ұсыныстарды жинақтап, оларды ҚР Үкiметiне ұсынуды тапсырды.

Сілетеме

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2017
Қаралым саны: 638
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро