Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
БАПАН БИ КӨШЕСІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ

Елбасының «Руғани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру аясында Көкшетау қаласында Ақмола облысы судьялар қауымдастығының атсалысуымен дархан даланың дара билерiнiң бiрi Бапан би есiмiмен көше берiлдi. Iс-шара қазақ билер сотының дамуы мен құрылу тарихын зерттеу, мәдени және құқықтық тарихи мұраны сақтау, жастардың бойында мемлекет және құқық тарихына деген сый-құрмет қарым-қатынасын тәрбиелеу, мақтаныш және патриотизм сезiмiн қалыптастыру мақсатында өткiзiлдi.

Iс-шараға жергiлiктi атқарушылық органдар, прокуратура, Iшкi iстер департаментi, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң өкiлдерi, Бапан бидiң ұрпақтары, зиялы қауым өкiлдерi, сот жүйесiнiң ардагерлерi және Ақмола облысының судьялары қатысты.

Әлемнiң озық елдерiнiң санатына қосылып, замана көшiмен алға жылжимыз десек, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, оның жақсы жақтарын уақыт талабына сай жаңғыртып пайдаланумыз қажет. Осы орайда, бүгiнгi сот билiгiнiң билер институтынан үлгi алар және үйренер тұстары көп.

Бүгiнгi ұрпақ тарихтан тағылым алуы тиiс, сондықтан, мемлекетiмiздiң қалыптасу кезеңдерiне сүбелi үлес қосқан қазақ халқының бiртұтас ұлт болып қалыптасуына, одан кейiн хандық дәуiрде ел басқаруға тұтқа болған әдiл билерiмiз бен жаужүрек батырларымыз, данагөй абыздар мен арқалы жырауларымыз қалдырған өсиетнаманы бүгiнгi жастар ешқашан ұмытпауы тиiс.

Бiр сөзбен айтқанда, әлемдегi ешбiр халықтың, ешқандай мемлекеттiң даму тарихында кездеспейтiн, тек қазақ ұлтының санасында сақталып, оның қоғамдық өмiрiне мiнсiз қызмет еткен билер соты, олар ұстанған әдiлдiк — бiздiң өнеге алар, таусылмас құқықтық байлығымыз.

Облыстық соттың төрағасы Досжан Әмiров салтанатты ашылу рәсiмiнде Тәуелсiздiк алғалы хандар мен елiн ерлiкке бастаған батырлардың, ел ынтымағы мен бiрлiгi үшiн қара қылды қақ жарған билерiмiздiң есiмi ұлықталып жатқандығын айтып өтiп, тұрғындар мен қонақтарды көше атының қайта аталуымен құттықтады. Ұлтымыздың қадiр-қасиетiн айқындап тұрған тiлiмiздi ұлықтап, халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрiн сақтағанда ғана елiмiз рухани жаңғырып, «ұлттық кодымыз» нығая түспек. Мемлекет басшысы өзiнiң «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деген едi.

Iс-шарада құттықтау сөздерiмен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа бойынша комитетiнiң мүшесi Берiк Дүйсембинов, Гумилев атындағы ЕҰУ–нiң қазақ әдебиетi кафедрасының доцентi, филология ғылымының кандидаты Қайырбек Кемеңгеров және Бапан бидiң ұрпақтары, «Рухани жаңғыру» өңiрлiк кеңсесiнiң басшысы Еркiн Исимбаев сөз сөйледi. Көше атының ауыстырылуына орай жазушы, ақын, Қазақстан Республикасы жазушылар Одағының мүшесi Сайлау Байбосын Бапан би бабамызға арналған «Арнау» орындады.

Салтанатты iс-шара Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен ұйымдастырылған театрландырылған бағдарламамен аяқталды.

Мақаланың шыққан күні: 25.08.2018
Қаралым саны: 514

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?