Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 378.83
EUR | KZT 430.99
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
18 °C
2019 ж. маусымның 26
Азаматтар тиянақты жауап алды

Көкшетау қаласының әкiмi, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев 28 қыркүйекте өз өтiнiштерi бойынша қала тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар қаланы абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық нысандарды жаңғырту, балабақша ашу, баспана зәрушiлiгi жайлы бiрқатар өзектi мәселелердi тiлге тиек еттi

Қалалық әкiмдiкте өткен қабыл-дау кезiнде қала тұрғыны Марат Құрманбеков пәтер кезегiнде тұрғанымен жеке баспанаға қол жеткiзе алмай жүргендiгiн айтты. Оған мемлекеттiк тұрғын үй қорынан пәтер кезегi келгенде ғана берiлетiндiгi ескертiлдi. Баспана мәселесi бойынша сондай-ақ, Валентина Клестер, Сара Оразова да өтiнiш бiлдiрдi. «Мир знаний» орталығының құрылтайшысы Сәуле Сатыбалдина елу орындық «Улыбка» жекеменшiктi балабақшасын ашуды жоспарлапты. Қала басшысы кәсiпкердiң бұл бастамасына қолдау көрсеттi. Павел Клепец жетекшiлiк ететiн жекеменшiк кәсiпорыны Абай, Вернадский, Железнодорожная көшелерi мен МПС-29 мекенжайы бойынша бiрнеше тұрғын үйге коммуналдық қызмет көрсетедi екен. Алайда, тұрғындардың қарызы 1081000 теңгенi құрайтындықтан ол бұл үйлерде жаңғырту жұмыстарын жүргiзе алмай отыр. Бұл мәселенi тиiстi мекемелермен бiрлесе шешу жөнiнде ұсыныс айтылды. «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалындағы қабылдауға келген Вернадский көшесi 11/70 үйдiң және Мирзоян көшесi 94 үйдiң тұрғындары Гүлжамал Жағыпарова мен Любовь Ялина тозығы жеткен пәтерлерiне жөндеу жүргiзу мәселесi жөнiнде өтiнiш бiлдiрсе, қала тұрғыны Золотхан Озиева Красная көшесi 86 үйге күрделi жөндеу жасау қажеттiгiн айтты. Красный Яр селосындағы Зеленая көшесi 2/1 үйде тұратын Қайырбек Мұқанов баспана мәселесi жөнiнен қиыншылық көрiп отырғандығын тiлге тиек еттi. Қала басшысы есiмдерi аталған азаматтардың өтiнiштерiн мұқият тыңдай келе, тиянақты жауап бердi.

Мақаланың шыққан күні: 29.09.2016
Қаралым саны: 252

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?

Сіздің жасыңыз?