Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
16 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
Ауыл кәсіпкерлеріне қолдау бар

Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы өткен жылы қолға алынды. Оның аясында ауылда, шағын қалаларда тұратын адамдарға өзiн-өзi қамтамасыз етудiң жолдары ұсынылады. Төмен пайызбен несие берiледi. Мал өсiрiп, егiншiлiк және өсiмдiк шаруашылығымен айналысқысы келетiн жандарға жол ашық. Жұмыссыз жүрген немесе зейнетақылық аударымдары жоқтығына қарамастан 18-ден зейнет жасына дейiнгi ауылдықтарға жеке кәсiбiн дөңгелетуге мүмкiндiк бар. Тек соның тетiктерiн үйренiп, бизнес жасау сабақтарынан өту керек. Оларды «Бастау бизнес» жобасы кәсiпкерлiк негiздерiне оқытады. Бұл туралы өңiрлiк коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында айтылды.

Биыл 1227 ауыл адамы бизнес жүргiзу жолдарын үйренетiн болады. Оның тек 30 пайызы ғана несиеге қол жеткiзуi мүмкiн. Өткен жылы 938 адам оқып, оның тек 434-i шағын несие алған. Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде өткен жылы Ақмола облысына 2 миллиард теңге бөлiнген. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсовтың айтуынша, оның 1 185,1 миллионы «Ауылшаруашылығын қолдау қорына», 826,9 миллион теңгесi «Аграрлық кредиттiк корпорациясына» бөлiнген. 434 адамның өтiнiшi қабылданып, 301 стартап-жобаға жол ашылған. 459 жұмыс орны құрылған. 2018 жылы елдi мекендердi және шағын қалаларды несиелендiру шараларына 2 063,9 миллион теңге бөлiнген. Жобаның маңыздылығы ескерiлiп, әрi Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында республикалық бюджеттен 3,5 миллиард теңге қосымша қаржы қарастырылды. Облыстық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы басшысының орынбасары Досхан Әмiровтiң айтуынша, бағдарлама аясында Көкшетау мен Степногорск қалаларындағы кәсiпкерлiк субьектiлерiн қаржыландыруға 590,8 миллион теңге бөлiнген. Бұл қаржының 481,9 миллион теңгесi 39 жобаға бағытталған. 55 жұмыс орны ашылып, облыс бюджетiне 91 450,491 мың теңге түскен. Брифинг барысында журналистер жеке кәсiбiн ашқысы келетiндерге қойылатын талаптар, қажеттi құжаттар, кездесетiн кедергiлер жайлы сұрап бiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 11.04.2018
Қаралым саны: 251
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика