Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 374.2
EUR | KZT 420.34
RUB | KZT 5.52
Көкшетау қ.
-10 °C
2018 ж. қарашаның 14
Астанадағы жәрмеңке көңілден шықты

Өткен сенбiде Астанада Ақмола облысы ауыл-шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесi өттi.

«Қазақстан» спорт-кешенiнiң алаңында екi күнге созылған жәрмеңкеде облыстың 100-ге жуық ауылшаруашылығы құрылымдары өз өнiмдерiн ұсынды. Сауда сөрелерiне әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiктiң 43 түрi қойылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеге әкелiнген тауарлар нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен саудаланды. Айталық, сиыр етiнiң бiр келiсi 1300 теңгеден, құс етi 600 теңгеден, балық 400 теңгеден сатылды. Барлық тауарлардың бағасы арнайы орнатылған тақталарда жазулы болды. «СХП Колутон-04» серiктестiгiнiң қойма меңгерушiсi және сатушысы Надежда Андросова таңғы сағат онға дейiн еттiң көп бөлiгi сатылып кеткенiн айтып, мұндай жәрмеңкелер өнiмдi жылдам сатуға үлкен мүмкiндiк екенiн жеткiздi.

Ақмола облысы Астана нарығына ауылшаруашылығы өнiмдерiн жеткiзетiн негiзгi аймақ. Өндiрiлген өнiм көлемi өткен былтырғы жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 11 пайызға артқан. Астанада «AQMOL» атты дүкендер желiсi жұмыс iстейдi. Мұндағы тауар бағасы өзге сауда орындарына қарағанда 10-нан 40 пайызға төмен.

Жәрмеңке барысында 370,5 миллион теңгенiң тауары саудаланды. Тұрғындар азық-түлiктiң экологиялық жағынан таза, бағасы да қолжетiмдi екендiгiн атап өттi.

Мақаланың шыққан күні: 06.11.2018
Қаралым саны: 24
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?