Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-1 °C
2019 ж. қазанның 22
Ардагерлер сахнада ән салды

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң қатысуымен 25 қазанда «Көкшетау» мәдениет сарайында «Ардагерлер — асыл қазына» атты облыстық көркемөнерпаздар фестивалiнiң гала-концертi өттi. Фестивальды өткiзудегi мақсат — соғыс және еңбек ардагерлерiнiң хор ұжымдарының өнерiн насихаттау, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, халық шығармашылығын жетiлдiру болып табылады. 

«Көкшетау» мәдениет сарайының сахнасында облыстағы барлық аудандардың шығармашылық ұжымдары өнер көрсеттi. Жапырағын жайған бәйтеректей айналаға жүрек жылуын шашып жүрген ардагерлерден құралған хор ұжымдары зор қошеметпен сахна төрiне шақырылды. Ардагерлер хорының репертуары да бай. Майдан даласындағы ерлiк, Отан қорғау тақырыбындағы мазмұны терең туындылармен қатар, халық әндерi де бар. Фестивальға қатысушылардың әрқайсысы табиғатынан дарынды ғана емес, сонымен бiрге қайсарлықтың да символына айналғандай. Шараға жиналған көрермен қауымның олардың өнерiне тәнтi болғанын жанарларына ұялаған сүйiспеншiлiктен айқын аңғаруға болады. Ұйымдастырушылардың пiкiрiнше, аталмыш фестивальға қатысушылардың қатары жыл санап ұлғайып келедi. Шығармашылықтары да шыңдала түсуде. Концерт барысында ардагерлер хоры көрермен алдында сұрапыл соғыс жылдарындағы халықтың, жауынгерлердiң көңiл-күйiн айқын суреттейтiн бояуы қанық әндер мен халық шығармашылығынан алынған туындыларды орындады. Қазақ жүрегiнiң жырына айналған «Атамекен» әнiн барша көрермен қосыла шырқады. Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин аға ұрпақ өкiлдерiнiң өнерлерiне алғысын бiлдiрiп, аталған фестиваль аға буын өкiлдерiнiң өнерлерiн шыңдап, жiгерлерiн қайрап келедi. Ақ шашты ата-әжелерiмiздiң арқасында жас ұрпақ бейбiтшiлiкте өмiр сүруде. Көпжылдық баға жетпес еңбектерiңiз бен тәжiрибелерiңiз, мейiрiмдiлiк пен даналықтарыңыз үшiн алғысын айтты құттықтау сөзiнде. Бүгiнде облыста 110 мың зейнеткер, 95 Ұлы Отан соғысының ардагерлерi, 6 мың тыл еңбеккерi өмiр сүруде. Қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қолдау айлығында жергiлiктi бюджеттен 5 мыңнан аса зейнеткерге бiрреттiк материалдық көмек көрсетiлдi. Жалпы, облыс бойынша 65 мың аға ұрпақ өкiлдерiне 320 миллион теңге көлемiнде қолдау көрсетiлдi. Соғыс ардагерлерi мен мүгедектер коммуналдық төлемнен толық босатылды. Бүгiнгi күнi 5 мыңға жуық адам әлеуметтiк көмекпен қамтылған. Өңiрдегi 10 интернаттың 6-уы қарт адамдарға арналған. Сондай-ақ, үйде әлеуметтiк көмек көрсететiн 26 бөлiмше жұмыс iстейдi. Бұл күнi өңiр басшысы шығармашылық ұжым жеңiмпаздарына 50, 150, 200, 300 мың теңгенiң сертификаттарын табыс еттi. Ақшалай жүлдеге ие болғандардың қатарында көкшетаулық «Сударушка» ансамблi де бар. Бiрiншi орынды Бурабай ауданынан келген ардагерлер хоры олжалады. Фестиваль соңында барша ардагерлерге облыс әкiмiнiң атынан гүлдер табыс етiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 03.11.2017
Қаралым саны: 508

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?