Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Әр тапсырма сапалы және уақытымен орындалсын

Көкшетау қаласының әкiмi Е.Маржықпаевтың төрағалығымен аппарат мәжiлiсi болып өттi. Онда қала басшысының үстiмiздегi жылдың 18 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында тұрғындармен өткiзген 10 есептi кездесуiнде айтылған пiкiрлер, ұсыныстар талқыланып, олардың бiрде бiрiнiң аяқсыз қалмауы жөнiнде бөлiм басшыларына тапсырмалар берiлдi.

Қалалық әкiмшiлiктiң аппарат жетекшiсi Е.Тұшанов барлық есептi кездесулер бойынша қай сала бойынша неше сұрақ немесе пiкiр болғаны, ол мәселелердi шешу кiмдерге жүктелгенi жөнiнде хабарлама жасады. Сұрақтар негiзiнен таза ауыз су, газдандыру, жарықтандыру жөнiнде екен. Негiзiнен тұрғындар тарапынан көпқабатты үйлердегi лифтердiң iске қосылуы, аулаларға балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдарының салынуы, жолдардың жөнделуi, көптеген аллеялардың ашылып, демалыс орындарының жасақталуы, абаттандыру, жалпы тазалық жөнiнде айтылған алғыстар да көп болды. Дегенмен, қорытынды кездесуге қатысып, қала әкiмiнiң жұмысына оң баға берген Ақмола облысының әкiмi М.Мырзалин Көкшетауды көгалдандыруды белсендi жүргiзудi, аулаларға ойын, спорт алаңдарын бұл жылы өткен жылғыдан кем салмауды, iргедегi Қопа көлiн тазартуды жүйелi түрде жүргiзе беру, шұғыл тамақтану орындарын көбейту сияқты тапсырмалар жүктедi. Осы тапсырмалардың барлығы қаулыға енгiзiлiп, оны орындаушылар, орындалу мерзiмi белгiленiп мұқият қадағалансын.

Қала әкiмi Е.Маржықпаев әр бөлiм жетекшiсiне өзiне тиесiлi тапсырманы орындау үшiн оның жобалау-сметалық жоспарларын шұғыл дайындауды тапсырды. Көбiнесе жұмыстың атқарылмауына тиесiлi құжаттардың дер кезiнде дайын болмауы себеп. Шеткi көшелердi жарықтандыру, кейбiр көшелерге жаяу жүргiншi жолдарын салу, газгольдерлердi iске қосуды одан әрi жандандыру жоспарлы түрде жүргiзiле берсiн.

Қала 2017 жылды жақсы көрсеткiштермен қорытындылады. Негiзгi көрсеткiштер жоғары немесе орта деңгейде. Алайда, бұдан да iлгерiлеуге толық мүмкiндiк бар. Ол үшiн әр тапсырма сапалы және дер кезiнде орындалуы керек. Жиналысты қала басшысы осылай түйiндедi.

«Көкше-ақпарат».

Мақаланың шыққан күні: 07.02.2018
Қаралым саны: 378
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2018 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро