Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Антына берік ұландар

7 мамырда Көкшетаудағы Абылай хан алаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өттi. Жүздеген көкшетаулықтар осы жерден Астана қаласында өткен әскери парадты тiкелей эфир арқылы үлкен экраннан тамашалады. Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы Күштерiнiң Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзiн тыңдап, сап түзеген сарбаздардың қадам басысын, әскери техника мен әуе күштерiнiң қуаттылығын көзiмен көрiп, шын қуанды. Дәл осындай салтанатты шаралар ел қорғандарының қарымы мен күштiлiгiн баян етедi. Өзiнiң құттықтау сөзiнде Мемлекет басшысы тәуелсiздiк жылдары Қазақстанның Қарулы күштерi қуаттанып, айбынды армияға айналғанын айтты. Бiз бейбiт елмiз, сондықтан әскери борышты өтеу — абыройлы мiндет. Дегенмен, өз шекарамызды берiк қорғау үшiн жоғары мобильдi, сенiмдi және күштi жарақтанған әскерiмiз болуы керек.

Абылай хан алаңына жиналғандарды облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин құттықтады. Өңiр басшысы: «Бiздiң елiмiздiң тарихына көз жүгiртсек, әр сүйем жерiн жаудан қорғаған талай батырлардың өткенiн көремiз. Баһадүр бабалар ақ бiлектiң күшiмен, ақ найзаның ұшымен күресе жүрiп, өмiрiн ат үстiнде өткiзген. Абылай ханнан бастап, Бөгенбай, Қабанбай, Қобыланды, Ағынтай мен Қарасай сияқты батырлардың есiмдерi кәрi тарихтың беттерiнде сайрап жатыр. Өскелең ұрпақ өкiлдерi Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлiктiң нағыз үлгiсiн көрсеткен майдангерлер алдында бас иедi. Ал, жат жерде жүрсе де, Отанының алдында адал қызмет еткен ауған жауынгерлерi, Чернобыль апатын ауыздықтағандар мен түрлi қақтығыстарға қатысқандарға айтар алғысымыз шексiз. Бұлар — берген антына адал екенiн дәлелдей бiлген нағыз жеңiмпаздар. Сондықтан бiз қашанда туған жерiн қорғауға дайын тұрған осындай ержүрек ұлдардың алдында қарыздармыз!», — дедi.

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң «Мiнсiз қызметi үшiн» медалiн Степногор қаласының қорғаныс iстерi бойынша бөлiм басшысы, подполковник Бауыржан Есiмов пен Көкшетау қаласының қорғаныс iстерi бойынша басқармасының бөлiм басшысы Қазбек Көлпеновке табыс еттi. Сонымен қатар мiнсiз қызметi үшiн әскери бөлiмшелердiң сарбаздары, құқық қорғау саласының, төтенше жағдай мен әскери-патриоттық клубтардың өкiлдерi өңiр басшысының Алғыс хатына ие болды. Сарбаздармен қатар биылғы көктемгi ағын судан зардап шеккендерге қол ұшын созған ақмолалықтар да назардан тыс қалған жоқ. Олардың қатарында ерекше көзге түскен Жарқайың ауданындағы Фурманов орта мектебiнiң 11 сынып оқушысы Әлiшер Сұлтанбеков те бар. Ол биылғы жылдың 16 сәуiрiнде Көкшетау-Атбасар трассасында ағын суға батып кеткен автобустан ересектер мен балаларды сыртқа шығаруға көмектескен. Батыр баланы ауылдастары мақтан тұтады. 7-шi сәуiр Отан қорғаушылар күнiне арналған салтанатты жиын облыстық филармония мен қалалық көркем- өнерпаздар ұжымының концерттiк бағдарламасымен жалғасты.

«Көкше ақпарат».

Мақаланың шыққан күні: 07.05.2017
Қаралым саны: 266

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?