Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 411.54
EUR | KZT 458.13
RUB | KZT 5.84
Көкшетау қ.
?
?
2020 ж. мамырдың 31
Алғыс айту ешқашан кеш емес

Ақмола полицейлерiне әлеуметтiк желi пайдаланушылары алғыс айтады. Instagram ведомстволық аккаунты арқылы полиция департаментiнiң басшылығына жазылушы Данияр Қуатай алғыс бiлдiрдi.

«…Бiз өмiрге, өзiмiзге, өзгелерге жиi шағымданамыз. Ал, жақсылық жасайтындарға, жолда кездескен адамдарға, өз жұмысын жақсы орындайтын адамдарға алғыс айтуды ұмытамыз» пайдаланушы тәртiп сақшыларының көмегiнiң арқасында сәттi аяқталған басынан өткен оқиғасын баяндаған.

Көкшетау қаласы тұрғынының айтуынша, өткен жылдың тамыз айының демалыс күндерi ер адам отбасымен ауылдан оралып келе жатты. Кеш батып бара жатқан кез әрi ол жолға қосымша дөңгелексiз шыққанын кейiн бiлдi. Балкашино кентiне дейiн 30 км қалған кезде көлiктiң дөңгелегi жарылады. Қараңғы тез түстi, оның үстiне ешкiм тоқтаған жоқ. Көлiк iшiнде жүктi жұбайы болғандықтан, ер адам ұзақ ойланбастан «102» арнайы желiсiне қоңырау шалды.

«…Бақытымызға орай, осы кеште Сандықтау аудандық полиция бөлiмiнiң аға инспекторы Алмат Хамзин кезекшiлiкте екен…», — дедi ер адам.

Полиция қызметкерлерi жағдайды тез бағалап, жедел әрекет еттi. Алмат Хамзин мен учаскелiк полиция инспекторы Айбар Мағауов дөңгелек жөндеу шеберханасының иесi Қайрат Сүлейменовтi тауып, оқиға орнына келiп, жүргiзушiге дөңгелектi ауыстыруға көмектестi және жақын маңдағы шеберханаға сәттi жетуi үшiн iлесiп жүрдi.

«…Дөңгелектi ауыстырып, қосымша дөңгелек берiп, тiптi баллон кiлтiн сыйлады. Осы уақытта бiзбен учаскелiк инспектор Айбар Мағауов және кезекшi инспектор Алмат Хамзин телефон арқылы байланыста болды. Жүктi әйелдiң жағдайын ескерiп, олардың уақытылы көмек көрсеткенi үшiн шексiз ризамын. Барлығы қасиеттi Құрбан Айт кезiнде болды, сiзге барлық жақсылық жүз есе үлкен сәттермен, жеңiстермен, табыстармен оралсын. Сiздердiң отбасыларыңызға амандық, еңбектерiңiзге табыс, жолдарыңызда алғыс айтатын адамдар көптеп кездессiн деп тiлеймiз…», — деп аяқтады жазылушы.

Мақаланың шыққан күні: 21.05.2020
Қаралым саны: 51

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус