Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 371.31
EUR | KZT 419.32
RUB | KZT 5.59
Көкшетау қ.
-15 °C
2018 ж. желтоқсанның 15
Әлеуметтік мәселе – ұдайы назарда

Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттық құзырет және этика, тұрғындардың денсаулығы, бiлiм беру, мәдениет, заңдылық және құқықтық тәртiп мәселелерi бойынша бiрлескен тұрақты комиссиясының отырысы өттi.

Алдымен қалалық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң жетекшiсi Айгүл Сәбитованың өткен жыл қорытындысы бойынша дайындаған баяндамасы тыңдалды. Оның мәлiметтерi бойынша, өткен жылы қалада 2598 iс-шара өткiзiлген. Аталған салаға 228804,0 мың теңге қаражат бөлiнген. Мәдени кешендердiң күрделi жөндеуiне 6720,0 мың теңге қарастырылған. Былтыр көрсетiлетiн ақылы қызмет көлемi артқан. Мәдениет саласына көптеген жаңашылдықтар енгiзiлуде. Қалада электронды кiтапхана ашу жұмысына 7 миллион 400 мың теңге қарастырылған. Жақын арада автобус аялдамаларында мобильдi кiтапхана жобасы iске қосылмақшы.

Қалада iшкi саяси-қоғамдық ахуал тұрақты. Бұл туралы қалалық iшкi саясат бөлiмiнiң жетекшiсi Андрей Подгурский мәлiмдедi. Ол өз баяндамасында Көкшетау қаласындағы қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып өттi. Аймақтағы дiни

ахуалды тұрақты сақтау және арттыру үшiн әлеуметтiк жобалар iске асырылған. Өз кезегiнде халық қалаулылары әлеуметтiк желiлермен белсендi жұмыс жүргiзу қажеттiгiн алға тартты. Қалалық бiлiм бөлiмi жетекшiсiнiң орынбасары Жәния Дондағұлова 24 мектеп «BilimLand» платформасына қосылған. Қала бойынша апатты жағдайдағы мектептер тiркелмеген. Өткен жылы 17 бiлiм беру мекемесiне 199472,7 мың теңгенiң күрделi және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлген. Биыл қалада балалар технопаркiн ашу жоспарланып отыр. «Рухани жаңғыру» аясында қала мектептерi Қазақстанның қалаларына саяхат ұйымдастыруда. Өткен жылы аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан 59, ата-анасыз 30 балаға сауықтыру орталықтарына жолдама берiлген. Қалада салынып жатқан жаңаша бағытта бiлiм беретiн 900 орындық мектеп алдағы оқу жылында пайдалануға берiлмек.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң жетекшiсi Қали Ахметовтың мәлiмдеуiнше, мүмкiндiгi шектеулi жандардың өмiр сүру сапасын жақсарту үшiн жан-жақты әлеуметтiк көмек көрсетiлуде. 143 адам кресло-арба, 55 адам есту аппараттарымен, 281 адам тифлоқұрылғылармен қамтамасыз етiлген. 489 адам протез-ортопедиялық құралдардың 571 түрiне қол жеткiзген. 70 адам «инватакси» қызметiн пайдаланады.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ

Мақаланың шыққан күні: 12.04.2018
Қаралым саны: 287
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?