Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 371.31
EUR | KZT 419.32
RUB | KZT 5.59
Көкшетау қ.
-15 °C
2018 ж. желтоқсанның 15
Ақмола облысы Астана қаласына тамақ өнімдерін жеткізуді арттыруда

Көкшетау қаласында Ақмола облысының ӨКП кеңейтiлген отырысында ҚР «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев, өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин, кәсiпкерлер, мемлекеттiк органдар және қаржы институттары шағын және орта бизнестi дамытуға қатысты бiрқатар мәселелердi талқылады.

ШОБ халықтың экономикалық белсендi басым көпшiлiгiне қолдау көрсете отырып, әлеуметтiк маңызды рөл атқаруымен қатар, бюджетке қомақты салық түсiмдерiн қамтамасыз етедi. Атап айтқанда, Ақмола облысында жұмыс iстейтiн ШОБ субъектiлерiнiң саны 2017 жылы 102,9%-ға өстi, өнiм көлемдерiнiң өсуi 20,6%-ды құрады, ал салық түсiмдерi 21,1%-ға артты.

Азық-түлiк белдiгiн дамыту аясында 2017 жылы 11 млрд.теңге сомасына 12 ұтымды жоба iске қосылды. Нәтижесiнде, азық-түлiк өнiмi өндiрiсiнiң көлемi 13%-ға өстi. Ол елорда нарығына сүт өнiмдерiн жеткiзу көлемiн 9%-ға, ет өнiмдерiн 15%-ға, тағамдық жұмыртқаны 9%-ға арттыруға мүмкiндiк бердi.

Жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң өнiмiн өткiзу үшiн, Астана қаласында сауда орындарының желiсi белсендi түрде кеңейiп келедi. 128 ақмолалық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлер өнiмiн өткiзетiн 44 дүкеннен басқа, елордада «AQMOL» сауда желiсiнiң фирмалық дүкендерi құрылуда. Оның ерекшелiгi — жергiлiктi тауар өндiрушiлер делдалдар буынын болдырмай, елорда тұрғындарын жаңа пiсiрiлген балғын тамақ өнiмдерiмен үздiксiз тiкелей қамтамасыз ету. «AQMOL» сауда желiсiнiң сөрелерiндегi ет, сүт, жұмыртқа, шұжық пен, нан өнiмдерi және басқа да сұранысқа ие тауарлар басқа дүкендерге қарағанда 20%-ға арзан.

Дүкендердiң сөрелерiн жергiлiктi тамақ өнiмдерiмен уақытында толықтыру үшiн, ағымдағы жылы көтерме сауда-бөлу орталығының құрылысы жоспарлануда.

Мақаланың шыққан күні: 12.04.2018
Қаралым саны: 2467
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?