Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 370.11
EUR | KZT 419.37
RUB | KZT 5.58
Көкшетау қ.
-14 °C
2018 ж. желтоқсанның 13
Ақмоланың экспорттық әлеуетін арттыруға күш салынады

Ақмола облысы активiнiң кеңейтiлген жиналысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезектi Жолдауы талқыланып, стратегиялық маңызды құжаттан туындайтын нақтылы мiндеттер сараланды. Индустрияландыру бағытындағы жүйелi жұмыстардың нәтижесiнде Ақмола облысы индустриалды-аграрлы аймаққа айналып отырғандығын атап өттi облыс басшысы.

«Бүгiнгi күнi аймақта өнеркәсiп өнiмдерi 25%, ауыл шаруашылығы өнiмдерi 15% артып отыр. Облыста Индустриаландыру картасы бойынша 81 жобаның 26-сы экспортқа негiзделген. Бұлардың барлығы өңдеушi сектор саласына тиесiлi. «Капитал Прожект», «ҮшБұлақ», «ҚазГерқұс», «Астана Агропродукт», «Көкшетау минералды сулары», «Көкше Цемент» және басқа да iрi кәсiпорындарды атап өтуге болады», — дедi Мәлiк Мырзалин. Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңдеушi кәсiпорындарды қолдау мақсатында алдағы үш жылда қосымша 500 млрд теңге бағытталмақшы. Өңiр басшысы облыстағы бiрқатар сала басшыларына тапсырма жүктедi. Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы басқармалары мен қала, аудан әкiмдерi инвестиция тарту, бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiру бағытындағы жұмыстарды күшейтуi тиiс екендiгiн жеткiздi.

Облыста «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 16,5 млрд теңге бөлiнген. 600-ге жуық жоба субсидияланған. Инфрақұрылым тартуға 12 млрд теңге бағытталып, 15 мың жаңа жұмыс орындары ашылды. Осы уақыт iшiнде өзiнiң тиiмдiлiгiн дәлелдеген аталған бағдарлама Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025 жылға дейiн ұзартылды. Оны жүзеге асыру үшiн жыл сайын 30 млрд теңге қаражат бөлiнетiн болады. «Облыста кәсiпкерлердiң сот, прокуратура, әкiмдiк, мемлекеттiк кiрiс департаментi, басқа да өкiлеттi органдардың iс-әрекетiне қатысты арыз-шағымдары көбейiп кеткенiн атап өткiм келедi. Осы орайда Президенттiң берген тапсырмасын тағы да естерiңiзге саламын», — дедi облыс әкiмi. Әкiм бизнестi дамыту үшiн барынша жағдай жасау қажеттiлiгiн атап өттi: — Облыс бойынша бос жер телiмдерiнiң картасын жасап, интернетке салдық. Көкшетау қаласы бойынша портал жұмысын жақын арада аяқтаймыз. Өз кезегiнде бизнес те заң аясында жұмыс жүргiзуi тиiс. Көлеңкелi экономикамен күрес мақсатында аудан, қала әкiмдерi мемлекеттiк кiрiс департаментiмен бiрлесiп салық және жалақы төлемiн қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыруы тиiс.

Ел Президентiнiң кезектi Жолдауы елдiң әлеуметтiк жағдайын көтеруге басымдық берiлгенiмен ерекшелендi. Тұрғындардың әл-ауқаты өмiр сапасына байланысты. Президент тапсырмасымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгi жалақы бiр жарым есеге артады. Өңiрде өткен жылдан бастап орташа жалақы мөлшерiн арттыру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Облыстың бюджеттiк ұйымдарында 58 мың адам еңбек етуде. «Орташа еңбекақы көрсеткiшiн жақсартып, 12 орыннан көрiндiк. Дегенмен, шешiмiн күткен мәселелер бар. Облыс аудандарына жасалған сапарларда бiрқатар кәсiпорындарда жұмысшыларға төленетiн еңбекақының ең төменгi мөлшерден де аз екендiгi анықталды. Өкiлеттi органдар осындай заң бұзушылықтарға назар аударуы тиiс», — дедi облыс әкiмi.

Актив жиналысында «Ақмола-«Тiршiлiк» ЖШС директоры, белгiлi жазушы-драматург Жабал Ерғалиев, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi Ақмола филиалының директоры Виталий Чеусов, Көкшетау қаласындағы №3 дарынды балаларға арналған арнайы мамандандырылған мектеп директоры Дана Ысқақова, Зерендi ауданының әкiмi Мереке Мұстафин және «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының жетекшiсi Аян Хафиз сөз сөйледi. Актив жиналысында облыс әкiмi денсаулық сақтау, бiлiм, тұрғын үй құрылысы, жалақы мөлшерiн көбейту бойынша тапсырмалар жүктедi.

Мақаланың шыққан күні: 11.10.2018
Қаралым саны: 86
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?