Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысында – жаңа бас имам

Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Ақмола облысында бас имам ауысты. Ақмола облысында тоғыз жыл өкiл имам болып еселi қызмет еткен Қанат қажы Қыдыр-

мин Елордадағы елiмiздiң басты дiни-рухани орталығы — Әзiрет сұлтан мешiтiне найб имам болып бекiтiлдi. Қасиеттi жұма намазы күнi Қазақстан мұсылмандары Дiни басқармасының найб мүфтиi, Әзiрет сұлтан мешiтiнiң бас имамы Серiкбай қажы Ораз осы тағайындауларды жамағат алдында жария еттi.

Көкше жұрты да осында бас имам болып iстеген Қанат Қыдырминге ерекше ықылас танытып, ризашылық бiлдiрдi. Жамағат атынан елге танымал азаматтар Мұрат қажы Ыдырысов пен Болат Жанәдiлов iзгi тiлектерiн айтып, жол сапар тiледi. Жұртшылық атынан иығына шапан жауып, жеңiл көлiктi сыйға тартты. Қанат Қыдырмин елге деген алғыс сөзiнде өзiне қолдау бiлдiрiп, асыл дiнiмiздi насихаттауға үлес қосқан барша қауымға жүрек тебiрентер лебiзiн жеткiздi. Осы еңселi мешiттiң Алланың асқақ кәләмiн насихаттаудың қастерлi ошағына айналғанын айта келiп, өзiне жапқан шапанды күн сайын азан үнiмен жұртты ұйытқан мешiт азаншысы Алтынбек Аманжоловқа, ал, жеңiл көлiктi мешiт-

тiң тазалықшы болып еңбек ететiн жалғызбасты ана мен оның отбасына тарту еттi. Бұл да пайғамбар өнегесi екенiн шынайы iзгiлiкпен паш еттi. Ақмола облысының жаңа бас имамы болып тағайындалған Қуаныш Жұмабайұлы Сәбит Астана қалалық «Әлжан ана» мешiтiнiң бас имамы қызметiн атқарған. Ол бұрынғы Көкшетау облысына қарасты Уәлиханов ауданының Қайрат ауылында дүниеге келген. Жоғары дiни бiлiмi бар. Соңғы жылдары Паң Нұрмағамбет атындағы Степногорск қалалық мешiтiнде бас имамдық қызмет те атқарған-ды. Найб мүфти Серiкбай қажы Ораз жаңа имамды таныстырғасын оған жаңа қызметте табыс тiледi.

Мақаланың шыққан күні: 10.05.2017
Қаралым саны: 117
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро