Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 343.06
EUR | KZT 402.38
RUB | KZT 5.49
Көкшетау қ.
23 °C
2018 ж. шiлденiң 17
Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкімдігі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы «Көкше-Ветсервис» шауашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның директоры.

Кәсiпорынның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi 142 А, тел: 76-06-97

Кәсiпорынның негiзгi қызметi: Көкшетау қаласының ветеринария саласындағы әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешудi қамтамасыз ету.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Ұйымның өндiрiстiк, шаруашылық және қаржылық — экономикалық қызмет заңнамасына сәйкес басқарады, ұйымның мүлiгiн тиiмдi пайдалану мен сақталымына, қабылданған шешiмдердiң салдары үшiн сонымен қатар ұйымның шаруашылық — қаржылық қызметiнiң нәтижесiне толық жауапкершiлiктi артады. Ұйымның саясатын, қызмет стратегиясын және оларды жүзеге асыру механизмiн анықтайды. Шарттар, мәмiлелер, бөтен ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен операциялар жасайды, өкiмдер мен бұйрықтарды шығарады, iскерлiк кездесулерде ұйымның өкiлi болады. Жұмысты және барлық құрылымдық бөлiмшелердiң тиiмдi өзара қимылын ұйымдастырады, олардың қызметiн тауарлар мен қызметтер өндiрiсiн дамытуға және жетiлдiруге бағыттайды. Ұйымның мемлекеттiк бюджеттiң, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорларынның, тапсырыс берушiлер мен кредиторлардың, банктердiң алдындағы мiндеттерiн, сонымен қатар шаруашылық және еңбек шарттарын (контракттарын), индикативтi жоспарлармен бизнес — жоспарлардың көрсеткiштерiн орындауларын қамтамасыз етедi. Ресурстардың барлық түрлерiн үнемдi жұмсау және өндiрiстiк қорларды ұтымды пайдалану, экономикалық тиiмдiлiктi, еңбек өнiмдiлiгiн, өндiрiстi қарқындандыру өсiмiн, қолданыстағы ғылыми негiзделген материалдық, қаржылық және еңбек шығындарының нормативiн, басқарудың озық формасы мен еңбек ұйымдастыруда, жаңа техника мен технологияларды пайдалану негiзiнде өндiрiстiк — шаруашылық қызметтi ұйымдастырады. Ұйымды бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсiби бiлiмi мен тәжiрибесiн дамыту мен ұтымды пайдалану, өмiр мен денсаулық үшiн қауiпсiз және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама талаптарын қадағалау, ұжымда қолайлы психикалық атмосфераны қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Әлеуметтiк әрiптестiк қағидаттарының негiзiнде ұжымдық шартты игерудi, жасасуды және орындауды, еңбек және өндiрiстiк тәртiптi қадағалауды қамтамасыз етедi, еңбек уәждемесiн дамытуға және жұмысшылардың бастамалары мен белсендiлiктерiн дамытуға мүмкiндiк туғызады. Оған заңнамамен ұсынылған құқықтары шегiнде ұйымның қаржылық — экономикалық және өндiрiстiк — шаруашылық қызметiне қатысты мәселелердi шешедi, басқа лауазымдық тұлғаларға қызметтiң бөлек бағыттарын жүргiзуiн тапсырады. Директор орынбасарларына, сонымен қатар қызметтiк және өндiрiстiк бөлiмшелерге. Әлеуметтiк — еңбек қатынастарын реттеуiн, шарттық және қаржылық тәртiптi нығайтуын, нарықтық жағдайларда қаржылық басқару мен қызмет атқару үшiн құқықтық қаражатты пайдалануын, ұйымның қызметiндегi заңдылық пен оның шаруашылық — экономикалық байланысын жүзеге асыруын қамтамасыз етедi.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары кәсiби (ауылшаруашылық немесе ветеринария немесе құқық саласында) бiлiм және экономикалық қызмет түрiнде ұйымдағы тиiстi профильде басқарушы лауазымдық өтiлi 5 жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекiтiлген, «Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидалары» негiзiнде өткiзiледi.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиiс:

•конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;

•мемлекеттiк және орыс тiлiнде түйiндеме;

•еркiн нысанда жазылған өмiрбаян;

•еркiн түрде жазылған өтiнiш;

•бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;

•еңбек кiтапшасының көшiрмесi (бар болған жағдайда), келiсiм-шарт, немесе соңғы жұмыс орнынан еңбек келiсiм-шартының тоқтатылуы туралы бұйрықтардың көшiрмесi;

•«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрi мiндетiн атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелдi) бекiтiлген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушылар өзiнiң бiлiмiне, еңбек өтiлiне, кәсiби дайындық деңгейiне (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми атақ пен дәреже беру ғылыми басылымдар туралы, сондай-ақ, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтың ұсыныстары және т.б. көшiрмелерiн) қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.

Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда конкурстық комиссияның оны қараудан бас тартуға толық негiзi бар.

Конкурска қатысу үшiн қажеттi құжаттар хабарландыру: «Акмолинская правда», «Арқа ажары» газеттерiнде жарияланған күннен бастап 15 күннiң iшiнде мына мекенжай бойынша қабылданады: 020000, Ақмола облысы Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, 409 каб., 29-78-35, 25-78-19, факс 29-78-00, электрондық мекен- жайы: akimat_personal@mail.ru

Мақаланың шыққан күні: 11.08.2016
Қаралым саны: 374
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика