Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 345.55
EUR | KZT 401.01
RUB | KZT 5.45
Көкшетау қ.
22 °C
2018 ж. шiлденiң 20
Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкімдігі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы «Көкшетау Жылу» шауашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның бас директоры.

Кәсiпорынның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Солтүстiк өнеркәсiптiк аймақ, темiр-бетон бұйымдары зауытының ауданы, тел: 41-12-07

Кәсiпорынның негiзгi қызметi: жылумен жабдықтау төңiрегiнде Көкшетау қаласының тiршiлiгiн қамтамасыз ету.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Ұйымның өндiрiстiк, шаруашылық және қаржылық — экономикалық қызмет заңнамасына сәйкес басқарады, қабылданған шешiмдердiң салдарына толығымен жауапты болады. Шарттар, мәмiлелер, өзге ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен операциялар жасайды, бұйрықтарды шығарады, iскерлiк кездесулерде ұйымның өкiлi болады. Ұйымның мемлекеттiк бюджеттiң, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорларынның, тапсырыс берушiлер мен кредиторлардың, банктердiң алдындағы мiндеттерiн, сонымен қатар шаруашылық және еңбек шарттарын (контракттарын), индикативтi жоспарлармен бизнес — жоспарлардың көрсеткiштерiн орындауларын қамтамасыз етедi. Ұйымды бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсiби бiлiмi мен тәжiрибесiн дамыту мен ұтымды пайдалану, өмiр мен денсаулық үшiн қауiпсiз және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама талаптарын қадағалау, ұжымда қолайлы психикалық атмосфераны қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Оған заңнамамен ұсынылған құқықтары шегiнде ұйымның қаржылық — экономикалық және өндiрiстiк — шаруашылық қызметiне қатысты мәселелердi шешедi, басқа лауазымдық тұлғаларға қызметтiң бөлек бағыттарын жүргiзуiн директор орынбасарларына, сонымен қатар қызметтiк және өндiрiстiк бөлiмшелерге тапсырады. Әлеуметтiк — еңбек қатынастарын реттеуiн, шарттық және қаржылық тәртiптi нығайтуын, нарықтық жағдайларда қаржылық басқару мен қызмет атқару үшiн құқықтық қаражатты пайдалануын, ұйымның қызметiндегi заңдылық пен оның шаруашылық — экономикалық байланысын жүзеге асыруын қамтамасыз етедi, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де мiндеттердi орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiмi жоғары техникалық ғылымдар және технологиялар немесе жаратылыстану ғылымдары немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында мамандығы бойынша және экономика саласы кәсiпорнының бейiнiне сәйкес басшы лауазымдарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекiтiлген, «Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу қағидалары» негiзiнде өткiзiледi.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиiс:

конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;

мемлекеттiк және орыс тiлiнде түйiндеме;

еркiн нысанда жазылған өмiрбаян;

еркiн түрде жазылған өтiнiш;

бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;

еңбек кiтапшасының көшiрмесi (бар болған жағдайда), келiсiм-шарт, немесе соңғы жұмыс орнынан еңбек келiсiм-шартының тоқтатылуы туралы бұйрықтардың көшiрмесi;

«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрi мiндетiн атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелдi) бекiтiлген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушылар өзiнiң бiлiмiне, еңбек өтiлiне, кәсiби дайындық деңгейiне (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми атақ пен дәреже беру ғылыми басылымдар туралы, сондай-ақ, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтың ұсыныстары және т.б. көшiрмелерiн) қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға үмiткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн өткеннен кейiн аяқталады.

Қажеттi құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 020000, Ақмола облысы Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, 409 каб., 29-78-35, 25-78-19 факс 29-78-00, электрондық мекен- жайы: akimat_personal@mail.ru

Мақаланың шыққан күні: 25.04.2016
Қаралым саны: 558
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика