Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
0 °C
2019 ж. қазанның 22
Әкім іс үстінде Өтініш-тілектер тыңдалды

Қала әкiмi Ермек Маржықпаев тұрғындарды жеке бас мәселелерiне қатысты қабылдап, олардың тiлектерiне құлақ түрдi. Басым бөлiгi баспана, жер учаскесi жайлы мәселе қозғады. Шаһар басшысы тұрғын үйге қол жеткiзу тек кезектiң ретiмен жүзеге асатынын және жер телiмдерi заңға сәйкес берiлетiнiн айтты.

Қабылдауға алғашқылардың бiрi болып келген зейнеткер Жақыпбек Уәлиахметов 2-шi топтағы мүгедек. Қолында науқас баласы бар. Жер үйде тұрады. Бүгiнде пәтер кезегiнде 858-шi болып тұр. Қария қазiргi үйiнде қарапайым адамның қажетiн өтейтiн жағдайдың жоқтығын алға тартты. Жүрiп-тұруы қиын әрi денсаулығы жоқ жан бүгiнде зайыбымен сал ауруына шалдыққан баласын бағып отыр. Көпқабатты үйдегi пәтер кезегi жеткенше, қазiргi жер үйiне су өткiзiлiп берiлсе деген тiлегiн жеткiздi. Алайда, оны дәл қазiр жүзеге асыру мүмкiн емес деген шаһар басшысы қарияны мұқият тыңдап, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысына осы отбасын қамқорлыққа алуды тапсырды. Алдағы қыс айында қария шипажайда демалатын болады. Ал, пәтерге тек кезекпен қол жеткiзедi.

Зейнеткер Мәриям Кенжеахмет қала әкiмiнiң қабылдауына келгендегi себебi — алдағы уақытта өзiнiң музейлерге қатысты қызметiн ұсыну екен. Кезiнде Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң құрылып, жасалуына өзi мұрындық болған. Осы сала бойынша жастарға ақыл-кеңесiмен бөлiсуге дайын. Сонымен қатар өзi тұратын көшенiң де жөндеудi қажет ететiнiн алға тартты. Шаһар басшысы бiлiктi маманның жастарға көмегi тиетiнiн және алдағы уақытта өзi жеке кездесiп, әңгiмелесетiнiн жеткiздi.

Үй шаруасындағы Гүлжанар Сәдуова жетiм бала ретiнде тiркеуде тұр. Тұрмыс құрған. Қолында мүгедек баласы және жаңа туған нәрестесi бар. Қазiр отбасымен пәтер жалдап тұрады. Қаржы жағынан қиындықтар туындауда. Пәтер кезегiнде 514-шi болып тұр. Қала әкiмi бұл отбасына да жауапты мекеме басшыларына қарайласуды тапсырды. Қабылдауға келген қала тұрғыны Гүлнәр Мұқашева жеке iсiн ашу үшiн жер учаскесiн сұрайды. Алайда, оның өтiнiшi қанағаттандырылмай келедi. Өйткенi, сұраған жер учаскесiнде көлiктердiң тұрағы орналасқан. Сондықтан жер комиссиясының отырысына қайта өтiнiш жазу қажет делiндi.

Мақаланың шыққан күні: 23.08.2018
Қаралым саны: 394

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?