Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 366.43
EUR | KZT 420.11
RUB | KZT 5.58
Көкшетау қ.
-1 °C
2018 ж. қазанның 22
Ауылдарды ғаламтормен қамтамасыз ету бойынша жол картасы әзірленеді

Бұл туралы Ақмола облысының әкiмi Мəлiк Мырзалиннiң төрағалығымен өткен кезектi аппарат мəжiлiсiнде айтылды. Аппарат мəжiлiсiнде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысының қорытындылары қаралып, алға қойған мiндеттердi өңiрде жүзеге асыру жолдары сөз болды.

«Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында бiраз мəселе көтерiлдi. Оның барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Соның негiзгiлерiне тоқталғым келедi", дедi аймақ басшысы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасында өңдеушi өнеркəсiп саласының үлесiн арттыру бойынша нақты шараларды қолға алу қажеттiгiне назар аударды. Бұл жағынан алғанда Ақмола облысында жоғары көрсеткiштерге қол жеткiзiлiп отыр. Индустриялды инновациялық даму бағдарламаның арқасында өңдеушi өнеркəсiптердiң үлесi 80 пайызға дейiн, еңбек өнiмдiлiгi 5,2 пайызға дейiн өстi. 2017 жылы 7 индустриялдық жоба iске қосылып, 1119 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, Мəлiк Мырзалин Елбасының маңызды мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру мəселесiне көңiл бөлгенiн атап өттi. Мəселен, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша нарықтық механизмдердi қолдана отырып, баспана бағасын түсiруге жағдай жасауды тапсырды. Айта кетейiк, өткен жылы облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 426 мың шаршы метр баспана пайдалануға берiлдi. Ал, биылғы жылы бұл тұрғын үй құрылысының көрсеткiшiн 3 есеге ұлғайту көзделген.

Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы саласында сабан өңдеп, одан қағаз, органикалық тыңайтқыштар, биогаз шығаратын жоғары технологиялы зауытты iске қосу үшiн инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргiзiлiп жатқанын айтты.

Оған қоса, шетелдiк инвестиция есебiнен бидайды терең өңдеп, одан крахмал, биоазық алатын зауыт салу жоспарда бар. Денсаулық сақтау саласы жүйесiн ақпараттандыру бойынша аймақ басшысы қысқа мерзiм iшiнде əр елдiмекенге талдау жүргiзiп, ғаламтордың қол жетiмдi болуы үшiн жол картасын жасауды тапсырды. Еске сала кетейiк, елiмiздiң төрт өңiрiнде, оның iшiнде Ақмола облысындағы денсаулық сақтау нысандарында қағазсыз жүйе пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Қазiргi кезде, облыстағы денсаулық сақтау мекемелерiнiң 76 пайызы кешендiк медициналық ақпараттық жүйесiн қолданады.

Сонымен қатар, аппарат мəжiлiсiнде газ тарту, қазадықтарды қалпына келтiру жəне су тасқынын алдын алу мен еңбек заңнамасының сақталуын бақылау мəселесi де сөз болды. «Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында кәсiпорындарда ұжымдық келiсiм шарт жасау жəне кәсiподақ ұйымдарын құру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. Қазiргi кезде облыстағы кəсiпорындардың 35 пайызында ұжымдық келiсiм шарт жасалынған жоқ», — дедi аймақ басшысы.

Мақаланың шыққан күні: 10.02.2018
Қаралым саны: 3970
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус