Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 378.17
EUR | KZT 429.11
RUB | KZT 5.88
Көкшетау қ.
0 °C
2019 ж. наурыздың 22
Ақмола облысының әкімі азаматтарды қабылдауды өткізді

Өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдады. Келушiлермен кәсiпкерлiк саланы дамыту мәселелерi қозғалды.

Атап айтқанда, елордалық кәсiпкер Азамат Богтоутов Целиноград ауданында спорт икемдiлiгiмен демалыс базасын кеңейтуге қатысты жоспарларымен бөлiстi.

«Орталық базар» АҚ президентi Владимир Игонин Көкшетау қаласы орталық базар аумағының инфрақұрылымын жақсарту бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы әңгiмелеп бердi. Ағымдағы жылы компания «Фермерлiк базар» тұжырымдамасының аясында сауда алаңын реконструкциялауды бастауды жоспарлауда.

Өз кезегiнде Қорғалжын ауданының тұрғыны Берiк Ыбыраев жергiлiктi атқарушы органдардың халықпен өзара әрекет етуi бойынша бiрқатар ұсыныстар айтты.

Келушiлердi тыңдап, Мәлiк Мырзалин олардың әрқайсысына тиiстi түсiнiктеме бердi және шешiмнiң қолданыстағы заңнаманың аясында қабылданатынын түсiндiрдi.

 

Мақаланың шыққан күні: 06.06.2018
Қаралым саны: 2779

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?