Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
10 °C
2018 ж. қыркүйектiң 22
Ширақ қимыл, жедел әрекет керек

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев қаланың сәулеттiк келбетiн жақсарту, көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Жоспарланған шаруалар жұмыс кестесiне сәйкес атқарылып жатқанымен кейбiр нысандарда қарқын баяу, сапа төмен. Сол себептi қала басшысы орындаушылық тәртiптi күшейтуге назар аударды.

Қала басшысы алдымен №10 орта мектептiң күрделi жөндеу жұмыстарын аралап көрiп, мекеме жетекшiлерiне мердiгер ұйымдардың жұмысын мұқият бақылауға алуды тапсырды. Жоспарланған жұмыстар мерзiмiнде аяқталуға тиiс. Әкiм мектеп басшысына айналаны ретке келтiрудi, абаттандыруды тапсырды. Қала әкiмi мектептегi күрделi жөндеу жұмыстары бойынша бюджеттен бөлiнген қаражат мақсатты игерiлуi тиiстiгiн баса айтты. Сапар барысында қала әкiмi мектеп маңындағы қисық қоршаулар мен қоқыс үйiндiлерiн сынға алды, бiлiм ордасының сыртқы келбетiн жөнге келтiрудi қатаң тапсырды. Сәдуақасов көшесi, 50 мекен жайындағы спорт алаңының құрылысымен танысу барысында әкiм мердiгер мекеме басшысына жұмысты барынша сапалы жүргiзудi ескерттi. Қала басшысы Боровской мөлтек ауданындағы 280 орындық балабақша құрылысы алаңында болды. Әкiм сала басшыларына жұмыстың барынша сапалы жүргiзiлуiн және белгiленген мерзiмiнде аяқтауды жүктедi. Қала басшысы құрылыс материалдарының сапасына назар аударып, сапалы материалдар қала көшелерiне көрiк беретiндей болуы керектiгiн айтты. Бұдан соң қала әкiмi Е.Маржықпаев Вернадский көшесi, 13 мекен жайындағы абаттандыру жұмыстарын да қарап, жергiлiктi тұрғындардың пiкiрiн тыңдады. Құрылысшыларға асфальттау жұмыстары жауын жауғанда су жиналып қалмайтындай етiп жасалуы тиiстiгi ескертiлдi. Аулаларды аралау барысында көтерiлген барлық мәселенi жiтi назарда ұстап, шешiмiн табуға жәрдемдесетiнiн айтты. Көшелердiң сан мыңдаған тiрлiгiне араласып, оны оңтайлы шешу оңай атқарыла салар шаруа емес. Мәселен, жол жөндеу, жаңбырдағы лай судың ағатын жерлерi, адам жүретiн тротуар мәселелерiнiң өзi инженерлiк жүйеге сәйкес жүргiзiлуiн талап ету маңызды шаруа екенiн атап өттi әкiм.

Жұмыс сапары барысында қала басшысы РК-2 бу қазандығындағы жөндеу жұмыстарын аралап көрдi. «Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсiпорнының директоры Сергей Жуковтың мәлiмдеуiнше, алдағы жылу маусымына дайындық жоспарға сәйкес жүргiзiлуде. Жылу жүйелерiндегi температуралық, гидравликалық режимдердi үздiксiз, бiрқалыпты ұстап тұруға арналған дербес қазандықтар жөнделуде. Кәсiпорындағы №8 бу қазандығының электр сүзгiлерiн жаңарту жұмыстарына қаражат бөлiнген. 1997 жылдан берi жұмыс iстеп келе жатқан электр сүзгiнiң ескiргенiн айтады мамандар. Қыста әр сағат сайын жағылатын 28 тонна көмiр қалдықтары осы сүзгiден өткiзiледi. Қазiргi күнi мұнда жөндеу жұмыстары жүруде. Бастысы, барлық жұмыстар дер кезiнде кестеге сай орындалса, алаңдауға негiз жоғын айтады жылу беру мекемелерiнiң басшылары.

Мақаланың шыққан күні: 11.07.2018
Қаралым саны: 84
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика