Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 371.31
EUR | KZT 419.32
RUB | KZT 5.59
Көкшетау қ.
-15 °C
2018 ж. желтоқсанның 15
Адам өмірі бәрінен қымбат

«Атамекен» ұлттық палатасында бейне байланыс арқылы Ұлттық палата ұсынған «Тұтынушылардың құқығын қорғау саласын дамыту арқылы қоғамдық бақылауды күшейту» бастамасына қатысты дөңгелек үстел «Атамекен» ҚР ҰКП Шағын және орта бизнестi дамыту комитетiнiң төрағасы Райымбек Баталовтың жетекшiлiгiмен өттi.

Шараға Қазақстанның iрi сауда-ойын-сауық орталықтарының мамандары, кәсiпкерлер, мемлекеттiк органдар, қоғам қайраткерлерi, журналистер, сонымен қатар ҚР Iшкi iстер министрлiгi Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң өкiлдерi қатысты. Осыған дейiн «Атамекен» палатасы қоғамдық бақылауды күшейту туралы бастамасын хабарлаған болатын.

Жиынға қатысушылар апатты жағдайлардың алдын алу, сонымен қатар көпшiлiк жиналатын нысандардағы қозғалысты реттеу бойынша шараларды талқылап, ұсыныстарын бiлдiрдi. «Кемероводағы апат қоғамды дүр сiлкiндiрдi. Бұл нағыз трагедия және бiз бәрiмiз бұдан сабақ алуымыз керек», — дедi Райымбек Баталов. Astana Group басқарма төрағасы Нұрлан Смағұловтың айтуынша, MEGA кешендерiнде өткiзiлген тексерулер барысында кемшiлiктер анықталған, олар реттелiп жатыр. «Мемлекет органдары мен қоғамның талаптары әр түрлi. Тiптi, төтенше жағдайға байланысты нұсқаулықтар да ескiрген. Олар көп жыл бұрын әзiрленген. Астанадағы MEGA Silkway-да нысаннан шығу жоспарының белгiсi көрiнбейдi, ал ол құрылыс нормалары және ережелерiмен бекiтiлген. Осы мәселелердi қоғамдық кеңеспен шешкiмiз келедi», — дейдi ол. Алдын алу шаралары аясында бизнес батыл қадамға баруға дайын, олар өз нысандарында тексерулердi өздерi тағайындайды. Алматы мен Астана қалалары Төтенше жағдайлар жөнiндегi департаменттерiмен iрi сауда орындарында жоспардан тыс тексерулер жүргiзу туралы меморандумға қол қою ұсынылған. Спикер қазақстандық бизнеске азаматтық жауапкершiлiк пен «Атамекен» жанынан құруға болатын қоғамдық кеңес жайында ойлану керек екенiн айтты. Бизнесмен апатты жағдайда адамдар қалай әрекет ету керек екенiн бiлмейтiнiн тiлге тиек еттi. «Жүйелi жұмыс iстеу керек. Қажет болса, осы мақсатта алаңдарымызды тегiн беруге дайынбыз. Қызметкерлерiмiз жұмыс iстейтiн болады, бiрақ бiзге мамандар көмегi керек. Бизнес, мемлекеттiк органдар мен қоғамның жұмылған, тиянақты жұмысы арқылы ғана апатты жағдайлардың алдын алуға болады», — дедi Нұрлан Смағұлов.

Бизнес өкiлдерi айтылған ұсыныстарды қолдауға дайын екенiн бiлдiрдi. ҚР Еңбек сiңiрген сәулетшiсi Серiк Рустамбековтың айтуынша, iрi нысандарды жобалау және пайдалануға беруде ескеретiн тұстар көп.  — Бүгiнде 1500 ұйымның жобалауға лицензиялары бар. Олардың бiлiктiлiгi күмән келтiредi. Лицензияны алу процедурасы оны сатып алумен ғана шектеледi. Мұнда талаптарды күшейту керек, — деп санайды сарапшы. Ол iрi сауда-ойын-сауық орталығының бiрiншi қабатындағы сауда орындарының жалға алу құны тым қымбат, есесiне тұтынушылар көп келетiн ең өтiмдi жер екенiн айтады. Қабат жоғарылаған сайын, жал құны төмендей түседi. Ал, балалар ойнайтын орындар, кинотеатрлардың барлығы әдетте жоғары қабаттарда орналасады. «Ата-ана баласымен жоғары жаққа көтерiлгенше түрлi бутиктердi жолшыбай аралап кетедi. Бұл маркетинг. Алайда, балаларымыздың қауiпсiздiгi үшiн көпшiлiк жиналатын орындарды неғұрлым жерге жақын, бiрiншi қабатта орналастырған абзал. Әрине, бұл бизнеске кедергi болса да, адам өмiрiн сақтап қалатын шара», — дедi Серiк Рустамбеков.

Жиынды қорытындылай келе Райымбек Баталов бизнес ҰКП-ның қоғамдық бақылауды күшейту бойынша бастаманы қолдайтынын жеткiздi.

Әсем ЖҮНIС.

Мақаланың шыққан күні: 06.04.2018
Қаралым саны: 284
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?