Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 340.27
EUR | KZT 396.31
RUB | KZT 5.39
Көкшетау қ.
16 °C
2018 ж. маусымның 25
Абзал жандарды құттықтады

Қала әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының құр-меттi азаматшаларын 8 наурыз мерекесiмен құттықтады.

Қала басшысы құттықтау сөзiнде әйелдер қауымының қаланың әлеуметтiк-экономикалық дамуына зор үлестерiн қосып жатқандығын атап өттi: «Әйел — әлемнiң әрi, өмiрдiң нәрi, тiрлiктiң сәнi. Сондықтан оларға қашанда қандай құрмет көрсетсек те артық етпес. Отбасының оты да, Отанның бүтiндiгi де ең алдымен ананың ақ пейiлiнен бастау алады. Өздерiңiзге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер еш уақытта толастамасын. Әрдайым ақпейiл де қамқор, адал да үлгiлi қалыптарыңыздан талмай жүре берiңiздер». Кездесуге келген нәзiк жандылардың бәрi қоғамның әр саласында табысты еңбек еткен жандар. Араларында педагогтар, ақ халаттылар, тәрбиешiлер, өзге де саланың мамандары бар. Бұл күнi барлық жылы лебiздер мен гүл дестелерi әйелдерге арналды. Өз кезегiнде Зере Қиықова, Қымбат Мұстафина, Рауза Бәйкенова, Галина Марченковалар жиналғандар атынан қала басшылығына алғыс бiлдiрдi. Қарт ақын Шәмшия Айтжанова өлеңнен шашу шашты.

Мақаланың шыққан күні: 07.03.2018
Қаралым саны: 474
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика