Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-1 °C
2019 ж. қазанның 22
Көкшетаудың күрделі даму кезеңі

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаевтың халыққа есеп беру кездесулерiнiң қорытынды жиыны «Достар» мәдениет сарайында өттi. Оған Ақмола облысының әкiмi М.Мырзалин, мемлекеттiк инспектор Қ.Байымбетов қатысты.

Әкiм есебi бұған дейiн Красный Яр, Застанцион-ный, тұрғындар «Шанхай» атайтын темiржолдың арғы бетiндегi кент, №1, №18, 21, 19, 13 мектептер мәжiлiс залдарында өткен болатын. Ол кездесулердiң бәрiнде де әкiм қаланың өткен жылды әлеуметтiк және экономикалық салалар бойынша қорытындылауы, атқарылған iстер, алдағы жоспарлар туралы толық баяндап, тұрғындар пiкiр-лерiн тыңдап, сұрақтарына жауап берген болатын.

Бiз газетiмiзде қала бас-шысының баяндамасынан қала жетiстiктерiн айғақтайтын айшықты мәлiметтердi, деректердi, сандарды жариялаған едiк.

Сондықтан, бұл жолы баяндама дәйектерiн қайтала-мастан, қорытынды кездесуде қойылған сұрақтар мен оларға берiлген жауаптарға тоқталғанды жөн көрдiк.

Сұрақ: — Жаңа салынып жатқан «Сарыарқа» мөлтек ауданында көпшiлiк-демалыс орындары, бақтар бола ма? Кейбiр жерлерде әлi жол жоқ?

Жауап: — «Сарыарқа» мөлтек ауданы әлi толық салынып бiткен жоқ. Жаңадан құрылысы басталған үйлер бар жерлерге әзiр асфальт жол салу жөн емес. Өйткенi, ол құрылыстарға ауыр техника, жүк машиналары қатынайды. Жолды бұзады. Одан гөрi құрылысты әбден бiтiрiп алып сапалы жол салғанымыз абзал. Ал, бақ, аллея, басқа да тұрғындарға қолайлы жағдайлар жоспарланған, кезең-кезеңiмен салына бередi.

Сұрақ: — Элеватор маңайындағы көп қабатты үйлер аулаларына балалар алаңдары салынған жоқ? Неге?

Жауап: — Байқасаңыздар, соңғы жылдары қаламыздың шеткi аудандарына жiтi көңiл бөлiнiп отыр. Шынында, орталық, шет дейтiнi жоқ, бәрi де өз қаламыз. Дегенмен, қазiргiдей қамқорлық ешқашан болған жоқ. Мысалға, Застанционныйда жастар алаңы, сквер салынды, екi аулаға балалар алаңы жасалды, көшелерiне жарық тартылды, асфальт төселдi, мәдениет ошағы салынатын болды. Красный Ярда, тағы басқа шеткi көшелерде де солай. Бәрi жоспарлы түрде, жүйелi түрде жасалуда. Ендi Элеватор маңайындағы үйлер аулаларына кезек келедi.

Сұрақ: — Үй салу үшiн жер телiмiн сұрап өтiнiш бергенбiз. Кезек қаншалық тез жылжуда?

Жауап: — Жер телiмiн берудi жүйеледiк. Красный Ярға барар жолдағы, Автогородок сыртындағы қыратқа қарай үйлер ретсiз салынған. Ендi жол салуда үлкен қиындықтар туындауда. Сондай келеңсiз мәселелер туындамас үшiн бiз «Шанхай» мен Бiрлiк арасынан тұрғындарға кезекпен беру үшiн жер дайындадық. Ол үшiн алдымен коммуникация, су, жылу, электр желiлерi тартылады. Түзу көшелер белгiленедi. Екiншiден, тiзiм қайта тексерiлiп, шығып қалған, кетiп қалған, көшiп кеткен адамдар бар-жоғы тексерiлiп, ревизия жүрдi,

сараланды. Бұдан былай кезек жария түрде көрiнетiн, компьютер арқылы бiлiп отыруға қолайлы болады. Жүз алпыс сегiз адамға жер берiлдi. Кезек тез жылжитын болады.

Сұрақ: — Қопа көлiнiң маңайын жаңғырту, тұр-ғындарға қолайлы жағалау жасау жалғасын таба ма?

Жауап: — Бұл — бiз қолға алған ең үлкен жобалардың бiрi. 25 жыл iшiнде мұндай iрi жоба болмаған-ды. Көп ескi үйлердiң алынып тасталғанын бiлесiздер. Ендi көл жағасындағы 108 үй алынады. 12 шақырымдық көл жағасындағы жол, тротуарлар, веложолдар салынады. Тұрғындарға қажет, қолайлы көптеген нысандар ашылады. Арнайы жоспар бар. Кезең-кезеңiмен жүзеге асырылатын болады. Жер үйлердiң, қора-қопсының алынуы — көл тазалығына бастар жол.

Сұрақ: — М.Горький мен М.Әуезов көшесi қиылысындағы жолайрық көлiк жүргiзушiлерге өте қолайлы болды. Сондай жолайрық мешiт iргесiндегi М.Горький мен С.Жүнiсов көшелерiнiң қиылысына жасалса, жақсы болар едi. Өйткенi, жұма күндерi көлiк қозғалысы қиындап кетедi.

Жауап: — Бұл мәселенi бiз бiлемiз. Биыл М.Горький мен Абай, М.Горький мен С.Жүнiсов көшесiне де жолайрық салынады. Жоспарда бар. Бiр айта кететiн жәйт — жол салушылар тәжiрибе жинақтады. Ендi қысқа мерзiмде салып бiтiредi деп ойлаймыз.

***

Сондай-ақ, қала басшысына дәрiханалардағы дәрiнiң қымбаттығы, кей жерлерге жолдан жаяу адам өтер жолақтың қажеттiгi, кейбiр шеткi көшелердi грейдермен тегiстеу, М.Ғабдуллин көшесiнен Қылшақты үстiнен салынатын көпiрдiң бiту мерзiмi сияқты сұрақтар қойылып, жауап алынды.

Қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ш.Әлиев қаланың жақсы қарқынмен дамып, көркейiп келе жатқандығы бөлiнiп отырған мол қаражаттың әсерi екендiгiн айта келiп, облыс әкiмi М.Мырзалинге, қала әкiмi Е.Маржықпаевқа ақсақалдар атынан алғыс айтты.

Мiнберге көтерiлген Ақмола облысының әкiмi М.Мырзалин қала әкiмi Е.Маржықпаевтың нақты дерек, мәлiметтер келтiрiлген есебi, атқарған оң iстерi үшiн рахмет айтып, қала дамуы барысындағы бiрқатар мәселелерге тоқталды. Бiрiншiден, көп қабатты тұрғын үйлер, ғимараттар көптеп салынуда. Ендi қалаға жылу жетiмсiз. Сол себептi көптен айтылып келе жатқан жылу-электр стансасын салуымыз керек. Оның құрылысы қолға алынды. Аяқталып, iске қосылуын 2-3 жыл күтуiмiз керек. Екiншiден, қалаға керегi сапалы ауыз су. Оны шешу жолдары iздестiрiлiп, тез табылуы керек. Келесi — көл жағасын жайлы ету. Бұл

басталып кеткен жұмыс толассыз жүруi тиiс. Мектептерге қосымша ғимараттар салуға қанағаттану жөнсiз. Өткен жылы тапсырылған IT мектебi сияқты арнайы мектептер салу керек. «Көктем» мөлтек ауданынан 1200 орындық «Рухани жаңғыру сарайын» саламыз, онда көптеген үйiрмелер жұмыс жасайтын болады. Ол жақсы. Ендi қаламызға спорт сарайы керек. Онда тек балалар ғана емес, ересектер де барып жаттыға алатындай жағдай туындауы тиiс. Қала тұрғындары тек сауда үшiн емес, кино көрiп, отбасымен дем алып, көңiлдi уақыт өткiзетiн дәмхана, тағы басқа қызмет көрсететiн бүгiнгi талапқа сай, әлемдiк деңгейдегi бiр жақсы орын салу керек.Кезек күттiрмейтiн тағы бiр мәселе — газ. Елбасы тапсырмасы — Ақкөлден кейiнгi «ақылды қала» Көкшетау болуы керек. Көкшетауды айнала «көгiлдiр белдеу» Зерендi жақтан бас-

талды, сол жалғаса беруi тиiс. Жер телiмдерi көп жыл берiлмеген, ендi жүйеленiп, берiледi. Дәрi бағасы жөнiнде соңғы өткен жиында Елбасы сол сала басшыларына тапсырма бердi. Демек, ол мәселе реттеледi. Қала кәсiпкерлерi ауылдық жердегi кәсiп-керлерге қарағанда белсендi емес. Ауылдық жерде олар бүкiл ауыл үшiн үлкен мәселелердi шешiп отыр. Қалалық кәсiпкерлер олардан үлгi алулары қажет.

Жиын үстiнде облыс әкiмi М.Мырзалин белгiлi қолөнер шеберi, ақын, Көкшетау қаласының құрметтi азаматы Шәмшия Айтжанованы осы күнге сәйкес келген туған күнiмен, тоқсан жасқа толуы-мен құттықтап, Құттықтау хат тапсырып, иығына шапан жапты.

    

Мақаланың шыққан күні: 11.02.2019
Қаралым саны: 300

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?