Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
9 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
АҢДАТПА

Елбасының Кiтапханасы мен Қоры журналистерге арнап
«Қазақстан Тәуелсiздiгi және Елбасы» конкурсын жариялайды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасының Кiтапханасы мен Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерiнiң арасында белгiленген тақырыпқа арналған үздiк материалға ашық шығармашылық конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты — елдiң тәуелсiздiк жылдарындағы жетiстiктерiн көрсету, Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң негiзi ретiнде «Назарбаев моделiн», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету.

Конкурс төрт номинация бойынша өткiзiледi:

1)«Үздiк теледидар материалы»;

2)«Үздiк радиоматериал»;

3) «Газеттер мен журналдардағы үздiк мақала»;

4)«Ғаламтор-БАҚ-тағы үздiк жарияланым»;

5)«Ел жүрегi — Астана».

Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңiмпаздарға 1 миллион теңге мөлшерiнде ақшалай жүлде берiледi, ал екiншi және үшiншi орындар үшiн тиiсiнше — 500 мың және 200 мың теңге берiледi. Одан басқа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен омырауға тағатын белгiлер тапсырылады.

Конкурсқа 50 жасқа дейiнгi жеке және ұжымдық авторлар қатыса алады. Жеке немесе ұжымдық автор тек бiр номинация бойынша қатысуға құқылы. Соның iшiнде бiр тақырыппен бiрiктiрiлген материалдар циклын ұсынуға болады.

Конкурсқа 2018 жылғы 1 маусым мен 10 қазан аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бiрегей материалдар қабылданады.

Конкурстың қорытындысын құрамына белгiлi журналистер, Қазақстанның көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерi енген комиссиясы шығарады.

Жеңiмпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсiмi Тәуелсiздiк күнi қарсаңында өткiзiледi.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер 2018 жылғы 1 маусым мен 10 қазан (қоса алғанда) аралығында келу тәртiбiмен немесе пошта арқылы мына мекенжайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесi, 1, 213 каб., «Қазақстан Тәуелсiздiгi және Елбасы» конкурсына» деген белгiмен қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57, 75-12-15).

Конкурсты өткiзудiң шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz, www.fpp.kz сайттары арқылы танысуға болады.

Жүктеу (DOC 76 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 05.06.2018
Қаралым саны: 100
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика