Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-2 °C
2019 ж. қазанның 22
138 курсант ант қабылдады

Отанға қызмет етемiн!

Көкшетау техникалық институтының бiрiншi курсына түскен 138 курсант Отанға адал қызмет ету жөнiнде ант бердi. Осыған орай Тәуелсiздiк алаңында өткен салтанатты шараға Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Ю.Ильин, Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитеттiң төрағасы, азаматтық қорғаныс полковнигi В.Беккер, облыс әкiмiнiң орынбасары Н.Нүркенов, Көкшетау қаласының әкiмi Е.Маржықпаев, құқық қорғау органдарының жетекшiлерi, «Нұр Отан» партиясының өкiлдерi, ата-аналар, төтенше жағдайлар органдарының ардагерлерi қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Ю.Ильин салтанатты жағдайда қабылданған ант әрбiр курсантқа қаншалықты абыройлы мiндет жүктейтiндiгiн айта келе, олардың сапалы бiлiм алып, ертеңгi күнi елiмiздiң қауiпсiздiгiн қорғайтын бiлiктi маман атануына тiлектестiгiн бiлдiрдi. Республикамыздағы бiрден-бiр жалғыз оқу орны — Көкшетау техникалық институты биыл 1-шi курсқа курсанттарды жиырмасыншы рет қабылдап отыр. Өртке қарсы қызмет және азаматтық қорғаныс мамандықтары бойынша бiлiктi маман даярлау үшiн ағымдағы оқу жылына 175 абитуриент қабылданды. Оның 138-i аталған оқу орнында, қалған 37-i Ресей мен Белорусияның Iшкi iстер министрлiгiнiң салалық оқу орындарында бiлiм алады. Ант беру рәсiмi институт курсанттары дайындаған концертпен жалғасты. Сол күнi «Сарыарқа» мөлтек ауданында жаңа өрт сөндiру бөлiмiнiң ашылу салтанаты болды. Оған Астанадан келген мәртебелi меймандар мен облыс және қала басшылары қатысты.

 

Мақаланың шыққан күні: 20.09.2016
Қаралым саны: 357

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?